Ақпарат

ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕЛІ БОЛДЫ: БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 300 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМДЫ ҚАМТЫДЫ

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда жұмыспен қамту саясаты шеңберінде қолға алынған кешенді шаралар еңбек нарығында оң өзгерістерге әкелді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 қарашадағы жағдай бойынша 283,9 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан. Ал жыл басынан бері 714 мың азамат ресми түрде жұмысқа орналасты.

Белсенді шаралардың ішінде субсидияланатын жұмыс орындарының үлесі жоғары. Статистикалық деректерге сәйкес:

  • 98,7 мың адам қоғамдық жұмыстарға;
  • 25,6 мың адам жастар практикасына;
  • 17,9 мың адам «Күміс жас» жобасына;
  • 13,1 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына;
  • 6,2 мың адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына;
  • 289 адам «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысып, жұмысқа орналасты.
    Жалпы алғанда, субсидияланатын жұмыс орындары арқылы 161,7 мың адам жұмыспен қамтылды.

Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың бизнес-бастамаларын қолдау да жалғасуда. Биыл 400 АЕК-ке дейінгі гранттарды алу мүмкіндігін 8 968 адам пайдаланды. Бұл олардың жеке кәсіп ашуына, табыс көзін қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн курстар үлкен сұранысқа ие. Биыл 55,9 мың адам осындай курстарға қатысып, оның 51,4 мыңы сертификат алды. «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында 48,4 мың азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 27 мың адам оқуын аяқтады.

Жұмыс берушілердің нақты тапсырысы бойынша 8 901 адам кәсіби қайта даярлаудан өтті. Бұл ретте 4 673 адам оқуын аяқтап, 2 256-сы жұмысқа орналасты. Сондай-ақ 331,3 мың азамат кәсіби бағдар орталықтарында мамандық таңдау, еңбек бағытын анықтау бойынша консультация алды.

Еңбек министрлігі жұмысқа орналасу фактілері міндетті зейнетақы аударымдары арқылы тексерілетінін еске салды. Бұл тәсіл жұмысқа орналастыру көрсеткіштерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

2025 жылы жұмысқа орналасқан 714 мың адамның тізбесі мынадай:

  • 170,7 мың адам – белсенді бағдарламалар арқылы;
  • 175,7 мың адам – Электрондық еңбек биржасы арқылы;
  • 333,6 мың адам – «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы бойынша;
  • 34 мың адам – орталық мемлекеттік органдардың жобалары бойынша еңбекке тартылды.

Министрлік алдағы кезеңде жұмыспен қамту шаралары одан әрі кеңейтілетінін, жаңа жобалар енгізілетінін және еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша оқыту көлемі ұлғайтылатынын атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: МЕКТЕПТЕРГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛУДА

bastynews

В ZHANIBEKOV UNIVERSITY ТОРЖЕСТВЕННО ОТМЕТИЛИ ДЕНЬ ЗНАНИЙ: СТАРТ НОВОГО АКАДЕМИЧЕСКОГО СЕЗОНА С АКЦЕНТОМ НА ЦЕННОСТИ, ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ И ИННОВАЦИИ

bastynews

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews