Ақпарат

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ІШКІ ЖОЛДАРДЫҢ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҮЛЕСІ 90%-ҒА ЖУЫҚТАҒАН

Түлкібас ауданында 2025 жылдың басынан бері 26 ішкі көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Нәтижесінде аудан аумағындағы ішкі жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 89%-дан асып отыр. Жөндеу жұмыстары республикалық, облыстық және аудандық бюджет есебінен атқарылып, өңірдегі инфрақұрылым саласының дамуына елеулі үлес қосты.

Жөндеу жұмыстары тек жолдарды жаңартумен шектелмей, көше жарықтандыру, су ағару жүйелерін қалпына келтіру, жаяу жүргіншілер жолдарын салу және абаттандыру сияқты қосымша шараларды қамтиды. Мысалы, Рысқұлов ауылдық округіндегі Азаттық ауылының Байысбаев, Сейфуллин, Ақмешіт және Тұрсынбеков көшелерінде жаңа жарықшамдар орнатылуда. Бұл жұмыстар аяқталған соң, ауылдық округтегі ішкі көшелер 100%-ға жарықшамдармен қамтылатын болады, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін арттырады.

Сонымен қатар, Азаттық ауылында жеке инвестордың қаржыландыруымен заманауи дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Медициналық нысан қазіргі заман талабына сай жабдықталып, биыл желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Амбулаторияның ашылуы ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып, емдеу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Аудан аумағында мектептер, мәдениет үйі, спорт алаңдары мен басқа да әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарда да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, білім беру және мәдениет салаларын дамытуға жағдай жасайды.

Түлкібас ауданында энергетикалық инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар да жалғасып отыр. Электр желілері жаңартылып, электр бағаналары орнатылуда. Бұл жобалар ауылдық елді мекендердегі тұрғын үйлерді, кәсіпкерлік нысандар мен әлеуметтік объектілерді тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аудан әкімдігі тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында ішкі көшелер мен қоғамдық нысандарды кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жаңартуды жалғастыруда. Сонымен қатар, келесі жылдарға жоспарланған жобалар аясында жолдарды асфальттау, жарықтандыру желілерін толық жаңарту, спорттық және ойын алаңдарын салу, жасыл аймақтар мен абаттандыру жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Жалпы, Түлкібас ауданындағы инфрақұрылымды жаңарту және әлеуметтік нысандарды дамыту шаралары тұрғындарға қауіпсіз, қолайлы және заманауи өмірлік орта қалыптастыруға, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына күшті серпін беруге бағытталған. Бұл жұмыстар өңірдегі өмір сапасын жақсартумен қатар, инвестициялық тартымдылықты арттырып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.

Қатысты жаңалықтар

АРХЕОЛОГИ ZHANIBEKOV UNIVERSITY ИССЛЕДУЮТ ЗАТОПЛЕННЫЕ ПАМЯТНИКИ ДРЕВНОСТИ: НОВЫЕ ОТКРЫТИЯ НА СТЫКЕ ПРИРОДЫ И УРБАНИСТИКИ

bastynews

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары келіп түсті

bastynews

ҚАЗЫҒҰРТТА ҚАРЖЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

bastynews