Соңғы жаңалықтар

САРЫАҒАШТА КҮЗГІ МАУСЫМДА 32 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағын дамыту жоспарына сәйкес, абаттандыру және көгалдандыру бағытында Сарыағаш қаласы мен Құркелес ауылдық округі аумағында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Көгалдандыру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі және сапалы бақылаудың күшейтілуі бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне нақты тапсырмалар берілді.

Жалпы аудан бойынша биыл күз мезгілінде 31 700 түп тал көшетін отырғызу межеленген. Қазіргі таңда аумақтың 40%-ына 1 500 түп ағаш көшеті егілді, ал қаладағы 14 көпқабатты тұрғын үйдің аумағына арша көшеттері отырғызылып, суару жұмыстары жүргізілуде. Көшеттерді күтіп-баптау жұмыстары Сарыағаш қаласы әкімі аппаратына қарасты «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы ұйымдастырылып отыр.

Аудан әкімдігі алдағы уақытта Сарыағаш қаласының кіреберіс бөлігін жасыл аймақ, саябаққа айналдыру мақсатында 2025 жылы республикалық маңызы бар А15 автожолының бойынан 4 гектар аумақта ағаш көшеттерін егу жоспарлап отыр. Аталған аумақ толық қоршалып, көшеттер жүйелі түрде суарылмақ.

Құркелес ауылдық округіне қарасты Береке елді мекенінде де көгалдандыру жұмыстары аясында барлығы 1 900 түп ағаш егілді. Бұл шара аудан көлемінде экологиялық мәдениетті арттыруға, жасыл желек алқаптарын көбейтуге, табиғатты қорғау шараларын күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Көгалдандыру жұмыстары тек экологиялық пайда әкеліп қана қоймай, қала мен ауылдардың көрікті бейнесін жақсартады, тұрғындарға демалыс орындарын, спорт және ойын алаңдарын ұсынады. Сонымен қатар, жасыл желек ауа сапасын жақсартып, климаттық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді.

Аудан әкімдігі келесі кезеңде көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды, қоғамдық орындар мен көшелерде жасыл белдеулерді кеңейтуді, мектеп және мәдени нысандар аумағын ағаштармен және гүлдермен толықтыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар мен еріктілерді экологиялық іс-шараларға тарту арқылы тұрақты экологиялық мәдениет қалыптастыру көзделген.

Сарыағаш ауданының көгалдандыру жұмыстары жасыл қала құру, экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жүйелі және ұзақ мерзімді шара ретінде жалғасатын болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ИЗРАИЛЬДІК КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Bastynews

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 39 КӘСІПОРЫН 8 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ

Bastynews

ТЕАТРДА «КІМ ПАТША?» ЕРТЕГІСІ САХНАЛАНДЫ

Bastynews