Соңғы жаңалықтар

Кәсібінен нәсіп тапқандар көп

Түркістан облысының Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдық округі аумағында 9 адам жұмыс істейтін 9 дүкен, 3 адам қызмет істейтін «Темірхан» жанар-жағар май құю бекеті, 2 адамды жұмыспен қамтып отырған бір доңғалақтарды желімдеу орталығы, 3 адам жұмыс істейтін шаш қысқарту бекеттері және 50-ден астам азамат сауда-саттықпен айналысатын «Сәрсенбі» азық-түлік, киім-кешек, көкөніс пен тамақ өнімдері базары бар, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Сондай-ақ, Бірлік ауылдық округіне қарасты кірпіш зауыты 18, жіп шығаратын зауыт 12 және асфальт зауыты 12 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жалпы округ бойынша жүзге тарта адам жұмыспен қамтылған.

Одан бөлек, 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі   жұмыспен   қамту   және  жаппай  кәсіпкерлікті  қолдау» бағдарламасының екінші бағыты аясында кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес мал басын көбейту, техника сатып алу, жеке кәсібін ашу мақсатында өз ісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге ұзақ мерзімге 12 азамат шағын несие алуға ұсынылған.

Қатысты жаңалықтар

«Ерлік жастар көзімен» атты патриоттық әндер байқауы өтеді

Bastynews

2 805 АДАМ ТҮРЛІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН КӘСІПОРЫНДАРҒА ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

Bastynews

Қазақстандық мұғалімдер «Әлемнің үздік ұстазы» байқауына қатыса алады

Bastynews

Пікір қалдыру