Соңғы жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫНДА БИЫЛ 1700-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН

Келес ауданында тұрғындарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жұмыс іздеп жүрген азаматтарға мүмкіндік беру, жергілікті кәсіпорындар мен мекемелерге кадр табуға қолдау көрсету. Жәрмеңкеге ауданның әртүрлі саладағы кәсіпорындары, мемлекеттік мекемелер және жеке кәсіпкерлер қатысып, 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Келген тұрғындарға еңбек нарығының жаңа мүмкіндіктері таныстырылып, кеңес берілді. Көпшілігі жұмыс берушілермен келісімге келіп, жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Аудан бойынша еңбек нарығын дамыту бағытында бірқатар жүйелі және нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен:

  • «Enbek.kz» платформасы арқылы 252 азамат сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн оқудан өтіп, сертификат алды;
  • «Бастау бизнес» жобасы бойынша 420 тұрғын кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, 145 азамат өз ісін бастау үшін мемлекеттік грант иегері атанды;
  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен пробация есебіндегі азаматтарға арналған жұмыс орындары да қарастырылып отыр. Атап айтқанда, 169 мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамтылып, оның 54-і тұрақты жұмысқа орналасты; пробация есебіндегі 48 азаматтың 20-сы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы аясында биыл 1700-ден астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, 600-ден аса отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, кедейлік деңгейі біршама төмендеген.

Жергілікті кәсіпорындар мен кәсіпкерлер тарапынан кадрлар тапшылығын жою, жастар мен еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысқа тарту бағытындағы іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, ауылдық округтерде және кенттерде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, халықты жұмысқа тартудың тиімді тетіктері қарастырылған.

Аудан әкімі бұл шаралардың негізгі мақсаты – азаматтардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету, экономикалық белсенділікті арттыру және әрбір тұрғынға лайықты еңбек жағдайын жасау екенін атап өтті. Жаңа жұмыс орындары жастар мен әйелдерді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, сонымен қатар жаңа кәсіби дағдыларға ие болғысы келетіндерді қамтиды.

Аудандағы кәсіпкерлік және әлеуметтік жобалардың үйлесімділігі экономикалық дамуға серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Коронавирусқа шалдыққандар саны 27 миллионнан асты

Bastynews

Чего добился Казахстан с Нурсултаном Назарбаевым?

Bastynews

Демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Bastynews