Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ 50 МВТ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

Бәйдібек ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев «ASIA ENERGY CO» ЖШС-нің бас директоры Бауыржан Керімқазымен кездесті. Басқосу барысында тараптар қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станциясын салу жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Аудан әкімдігі аталған жобаны жүзеге асыру үшін Боралдай ауылдық округінен 50 гектар жер телімін жалға беру мүмкіндігін қарастырып, кәсіпорынға қажетті барлық қолдау шараларын көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, жобаны іске асыруға байланысты қажетті құжаттарды рәсімдеу кезеңінде әкімдік тарапынан толық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілетіні атап өтілді.

Кездесу қорытындысымен Бәйдібек ауданы әкімдігі мен «ASIA ENERGY CO» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат екі тараптың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға, жаңа технологияларды енгізуге серпін беруге, жеке инвестицияларды тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бірлескен іс-қимылын айқындайды.

Жобаның іске асырылуы Бәйдібек ауданы үшін маңызды инвестициялық қадам болып табылады. Күн электр станциясының құрылысы нәтижесінде ауданның энергетикалық инфрақұрылымы нығайып, экономикасына оң серпін беріледі деп күтілуде. Бұл станция аудандағы өндіріс орындарын электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Сонымен қатар, жобаның жүзеге асуы жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын ашып, жасыл энергияны дамытуға және экологиялық таза технологияларды енгізуге ықпал етеді. Станцияның құрылыс кезеңінде жергілікті мердігерлік ұйымдар мен кәсіпорындар тартылып, ауданда экономикалық белсенділікті арттыру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, аудан әкімдігі жобаны іске асыру барысында қоғамдық қатысуды қамтамасыз ету, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және инфрақұрылымдық қауіпсіздік стандарттарын сақтау бағытында да шаралар қабылдайтынын жеткізді.

Осылайша, күн электр станциясының салынуы Бәйдібек ауданының инвестициялық әлеуетін арттыруға, экологиялық таза энергияны дамытуға және өңірдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық маңызды бастама болып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Қаратау ауданы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында арнайы іс-шара өткізді

bastynews

Уникальное лазерное шоу впервые прошло в Казахстане: шымкентцы наслаждались незабываемым вечером

bastynews

Шымкент қаласы әкімінің прессегі ашуланса, «ұрып жібермей ме?»

Bastynews