Ақпарат Қоғам

САЙРАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТАТУЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сайрам медициналық колледжінде студент жастардың қоғамдық жауапкершілігін арттыруға, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Тимур Бөрібаев, Қаратау ауданы әкімдігінің маманы Нұрбол Абылов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Нұрхан Әбдіманап, «Психикалық денсаулық орталығы» дәрігер наркологы Ақерке Табылдиева, сондай-ақ Сайрам тұрғын алабының биі Байахмет Шерметов қатысты.

Кездесу барысында спикерлер жастармен бірқатар өзекті мәселелерді кеңінен сөз етті. Атап айтқанда, еліміздегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау қағидаттары, Отан алдындағы борышқа адал болу, мемлекеттік тілді құрметтеу туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар кереғар діни ағымдардың зияны, ұрпақ тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі, жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бағытындағы маңызды ойлар ортаға салынды.
«Қоғамдағы тұрақтылық – әрбір жастың саналы көзқарасынан басталады. Бүгінгі кездесудің мақсаты – сіздерге тек ақпарат беру емес, болашақта дұрыс таңдау жасай алатын азамат болып қалыптасуға жол көрсету», – деді Тимур Бөрібаев.

Спикерлер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, нақты мысалдарға сүйене отырып түсіндірме жасады.

Қатысты жаңалықтар

Құрметті Шымкент қаласының тұрығындары!

bastynews

В Шымкенте в честь Дня Республики торжественно подняли Государственный флаг

bastynews

МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІМ: TASHENEV UNIVERSITY — 2025 ЖЫЛҒЫ ГРАНТТЫҚ НАУҚАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТАЛАПКЕРЛЕР ТАҢДАУЫ

bastynews