Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №148 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жас ұрпақты адамгершілікке, кішіпейілділік пен үлкенге құрмет көрсетуге баулитын тағылымды іс-шара өтті. 8 «А» сынып оқушылары мен олардың сынып жетекшісі А.Калдыбаеваның бастамасымен 1 қазан – Қарттар күніне орай ардагер ұстаздар шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетіп қайтты.
Мейірім мен құрметке толы бұл кездесудің басты кейіпкерлері — білім беру саласына ұзақ жылдар еңбек сіңірген ардақты ұстаздар Сапаев Орынбай атамыз бен Сопаева Алмагүл апамыз болды. Ардагер ұстаздардың үйіне барып, олармен жүздесу арқылы оқушылар үлкенге ізет, қарияға құрмет көрсетудің үлгісін паш етті.
Кездесу барысында оқушылар жүрекжарды тілектерін айтып, ұстаздарға өз ризашылықтарын білдірді. Жас ұрпақтың бойындағы имандылық пен ізгілікке бастайтын мұндай әрекеттер — адамгершілік тәрбиесінің нақты көрінісі.
«Қария – елдің қазынасы, ақ батасы – ұрпаққа аманат» деген аталы сөз бекер айтылмаған. Жастардың бойында осындай құндылықтарды қалыптастыру – біздің тәрбие жүйеміздің негізгі мақсаттарының бірі», — деді сынып жетекшісі А.Калдыбаева.
Ардагер ұстаздар өз кезегінде білім жолындағы қызықты сәттер мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа ақ баталарын берді. Олар осындай ізгілікті іс-шараның ұйымдастырылғанына ерекше риза болып, оқушыларға алғыстарын жеткізді. Қазіргі қоғамда рухани құндылықтарды жаңғырту маңызды болып отырған шақта, осындай кездесулердің тәрбиелік мәні зор.
Сынып жетекшісінің ұйытқы болуымен өткен бұл шара оқушылардың бойына жауапкершілік пен мейірімділік сезімін ұялатып, үлкенге деген сыйластық пен құрметтің биік үлгісін көрсетті. Ізгі ниетпен бар болған бұл іс-шара — тек бір күндік акция ғана емес, жас ұрпақтың жүрегіне ізгілік дәнін себетін тәлім-тәрбие сабағы болды.
Оқушылар өздері дайындап барған гүл шоқтары мен шағын сыйлықтарын қарияларға тарту етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұстаздарына арнаған өлең шумақтары мен музыкалық нөмірлер арқылы шығармашылық қабілеттерін де көрсете білді.
Мектеп ұжымы мен ата-аналар бұл бастаманы жоғары бағалап, мұндай іс-шаралардың балалардың тұлғалық қалыптасуына оң әсер ететінін атап өтті. Жас ұрпақты тек білімге ғана емес, адамгершілік қасиеттерге де тәрбиелеу – тәрбие жұмысының басты бағыты болуы тиіс.
Мұндай шаралар арқылы мектеп пен қоғам арасындағы байланыс нығайып, рухани сабақтастық жалғасады. Ең бастысы – жастар өткенге құрметпен қарап, болашаққа сеніммен қадам басуы қажет. Ұстаздардың еңбегі мен өмірлік жолына бас иіп, тағзым ету — әрбір жас үшін үлкен өнеге.
Қорыта келгенде, №148 мектептің 8 “А” сынып оқушылары мен ұстаздарының бұл бастамасы – “Адал азамат – біртұтас тәрбие” бағдарламасының мәні мен мақсатын нақты жүзеге асырып отырған жарқын мысал. Бұл — тек бір іс-шара емес, жас ұрпақтың жүрегіне ізгілікті дарытып, рухани тәрбие берудің маңызды үлгісі.
