Соңғы жаңалықтар

TASHENEV UNIVERSITY-ДЕ AMERICAN CORNER & MAKERSPACE SHYMKENT ӨКІЛДЕРІМЕН ЕРЕКШЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Tashenev University қабырғасында студенттердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мазмұнды әрі пайдалы семинар өтті. Бұл іс-шараны Халықаралық байланыстар департаменті мен Әлем тілдері кафедрасы ұйымдастырып, университет өміріне тың серпін берді. Басқосу аясында American Corner & Makerspace Shymkent жобасының өкілдері арнайы шақырылып, білім ордасының студенттерімен және оқытушыларымен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың құрметті қонағы – ағылшын тілі бойынша АҚШ-тан келген маман Ehab Khalaf болды. Ол қатысушылармен ашық әңгіме өткізіп, ағылшын тілін үйренудің заманауи әдістері мен мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда тіл меңгеру – тек коммуникация құралы ғана емес, ол мәдениеттерді жақындастыратын, тұлғалық дамуға жол ашатын маңызды құрал.

«Ағылшын тілін меңгеру – тек кәсіби табысқа жол ашпайды, ол жаңа мәдениеттерді тануға, ой-өрісті кеңейтуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – үздіксіз ізденіс пен батыл қадам», – деді Ehab Khalaf.

Ол студенттерді белсенді әрі үнемі алға ұмтылып отыруға шақырды. Оның ерекше мотивациялық сөйлеуі тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды.

Семинар барысында Элина Қадырова мен Айжан студенттерге Makerspace Shymkent жобасының негізгі бағыты мен мүмкіндіктері туралы таныстырылым жасады. Бұл жобаның басты мақсаты – жастардың креативті ойлауын, инженерлік және техникалық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету. Жоба аясында жастар түрлі құралдармен, заманауи технологиялармен жұмыс істеп, өз идеяларын нақты өнімге айналдыра алады.

«Makerspace – бұл жай ғана шығармашылық орта емес, ол студенттердің жаңа идеяларын жүзеге асыратын алаң. Мұнда әрбір жас өз қиялын шындыққа айналдыра алады», – деп атап өтті Элина Қадырова. Кездесудің ең әсерлі әрі қызықты кезеңдерінің бірі – Brain Battle атты зияткерлік ойын болды. Бұл ойын барысында қатысушылар логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білім деңгейін, тапқырлығын және командалық жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Ойын барысында студенттер тек білімдерін сынап қана қоймай, бір-бірімен жақынырақ танысып, жаңа достар тапты.

«Бұл ойын бізге тек білімімізді сынап қана қойған жоқ, сонымен бірге бір-бірімізді жақынырақ тануға мүмкіндік берді», – деді ойынға қатысқан студенттердің бірі.

Осындай форматтағы іс-шаралар жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, оларды жаһандық деңгейдегі жобалар мен бағдарламаларға қатысуға ынталандырады. Семинар барысында қатысушылар халықаралық серіктестіктің маңыздылығы, тіл үйренудің жаңа әдістері, шығармашылық алаңдарды тиімді пайдалану жолдары туралы жан-жақты ақпарат алды.

Tashenev University үшін бұл кездесу университеттің халықаралық бағыттағы жұмыстарының сапалы дамып келе жатқанын және ашықтық, серіктестік қағидаттарын ұстанатынын көрсетті. Сонымен қатар, семинар жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың білімге, шығармашылыққа және кәсіптік дамуға деген ынтасын арттырды.

Бұл іс-шара университет өміріндегі маңызды оқиға ғана емес, сонымен қатар жастардың тұлғалық және кәсіби дамуына бағытталған нақты қадамдардың бірі болды. Ол Tashenev University студенттері үшін шабыттың, жаңа білім мен мүмкіндіктердің бастауы болары сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

Қытай көшбасшысын сайқымазаққа теңеген адам 18 жылға сотталды

Bastynews

ШЫМКЕНТ: В КАРАТАУСКОМ РАЙОНЕ РАСТЕТ ЧИСЛО МАТЕРЕЙ-ГЕРОИНЬ

Bastynews

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ТҮГЕЛ БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР

bastynews