Ақпарат

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ: ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫҢ ТИІМДІ СИНТЕЗІ

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Фармацевтикалық істі ұйымдастыру және басқару» кафедрасы фармация саласында кәсіби құзыреттілігі жоғары мамандарды даярлау мақсатында дуальды оқыту жүйесін белсенді енгізуде. Бұл модель білім алушыларға теориялық білім мен практикалық машықтарды ұштастыра отырып меңгеруге мүмкіндік береді. Аталған тәсілдің аясында «Фармация» мамандығының 5 курс студенттері үшін «Фармацевтикалық ұйымдарда тексерулер жүргізудің құқықтық негіздері» тақырыбы бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Сабақтар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Шымкент қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің базасында өтті. Бұл құрылымның негізгі функциясы — қоғамдық денсаулық сақтау (public health) саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау. Атап айтқанда, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы және медициналық көмек көрсетудің сапасына мониторинг жүргізу секілді бағыттар қамтылады.

Сабақ барысында студенттерге Фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.А. Садықова дәрілік заттар айналымының барлық кезеңдерінде Good Pharmacy Practice (GPP) қағидаларын сақтау қажеттілігін түсіндіріп, фармацевтикалық қызметті лицензиялау, бақылау және реттеу механизмдері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Ол сонымен қатар, Қазақстанда қолданылып жүрген реттеуші нормативтік-құқықтық актілердің (regulatory legal acts) мазмұнына тоқталып, фармацевтикалық инспекциялардың рөлі мен маңызын атап өтті.

Пәндік мазмұн аясында департаменттің тәжірибелі фармацевтикалық инспекторлары — А.А. Куканов пен А.Ж. Асылбек — студенттерге инспекциялық тексерулер жүргізудің кезеңдері, risk-based inspection тәсілдері, фармацевтикалық объектілерді бақылау кезінде құжаттарды ресімдеу тәртібі мен тексеру нәтижелері бойынша есеп беру формаларын практикалық мысалдармен түсіндірді.

Кездесу барысында жиі кездесетін фармацевтикалық бұзушылық түрлері, оның ішінде рецептісіз дәрілік заттарды сату, сақтау ережелерін бұзу, фармацевтикалық қызмет лицензиясының талаптарына сәйкессіздік сияқты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, pharmacovigilance — яғни, дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін бақылау мен есепке алу жүйесіне ерекше көңіл бөлінді. Студенттер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларының ерекшеліктері туралы нақты мысалдар негізінде ақпарат алды.

Дуальды оқыту форматы білім алушылар үшін үлкен тәжірибелік маңызға ие болды. Бұл тәсіл студенттердің soft skills пен hard skills деңгейіндегі дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті. Атап айтқанда, болашақ фармацевтер құқықтық ойлау қабілетін, бақылаушы органдармен тиімді қарым-қатынас орнату машықтарын, құжаттаманы дұрыс жүргізу мен құқықтық талаптарды сақтау қабілетін нығайтты.

Сонымен қатар, дуальды оқыту жүйесі халықаралық тәжірибеге сәйкес білім беру сапасын арттырудың тиімді тетігі ретінде танылып отыр. Бүгінгі таңда фармацевтикалық қызметті жүргізуде compliance monitoring, regulatory affairs, quality assurance сынды бағыттарда құзыретті мамандарға сұраныс артып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, бұл тәжірибелік сабақтар студенттердің кәсіби бағдарын нақтылап, оларды жаһандық фармацевтикалық ортаға бейімдеуге бағытталған маңызды қадам болды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАРНАМАЛЫҚ НЫСАНДАР БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН-КОДҚА СӘЙКЕС ЖАҢАРТЫЛАДЫ

bastynews

Конституционная реформа: поправки затронут 84% текста Основного закона Казахстана

bastynews

Патерналистік жүйе

Bastynews