ZHANIBEKOV UNIVERSITY – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ӨНЕР БАЙЛАНЫСЫ
Zhanibekov University қабырғасында халықаралық ғылыми және академиялық интеграцияны нығайту мақсатында маңызды кездесу өтті. Түркия Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары – Трабзон университеті мен Анкара музыка және бейнелеу өнері университетінің профессорлары университетке арнайы сапармен келді.
Аталған кездесу Erasmus+, Mevlana секілді академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында ұйымдастырылып, халықаралық білім беру кеңістігіндегі көпжақты әріптестік орнатуға бағытталды. Сапар барысында Түркиядан келген профессорлар студенттер мен оқытушылар құрамына арнап дәрістер оқып, ғылыми-шығармашылық семинарлар өткізді.
Zhanibekov University-ге келген қонақтар қатарында Трабзон университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» факультетінің профессоры, өнертану ғылымдарының докторы Ахмет Түре (Ahmet Türe) және Анкара музыка және бейнелеу өнері университетінің галерея көркемдік жетекшісі, «Өнер және дизайн» факультетінің «Дәстүрлі түрік өнері» кафедрасының меңгерушісі, профессор Рухи Конак (Ruhi Konak) болды.
Шетелдік қонақтарды Zhanibekov University басқарма мүшесі, ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков ресми қабылдап, университеттің ғылыми-инновациялық қызметімен таныстырды. Кездесу барысында тараптар университетаралық стратегиялық серіктестік, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, халықаралық гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар, профессорлар Эбру (дәстүрлі түрік су бетінде сурет салу өнері) және Керамика өнері бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, Шымкент қаласында орналасқан Zhanibekov University студенттерімен шығармашылық тәжірибе бөлісті. Бұл – білім алушылар үшін теория мен практиканы тоғыстыратын бірегей мүмкіндік болды.
Шеберлік сабақтары барысында қатысушылар мәдениетаралық коммуникация, өнер арқылы диалог, дәстүр мен инновацияның сабақтастығы сияқты заманауи өнертанулық концепттермен танысып, жаһандық өнер кеңістігіндегі интеграциялық үрдістерді тереңінен ұғынды. Бұл – студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттырумен қатар, олардың креативті ойлауын, визуалды сауаттылығын дамытуға сеп болды.
Zhanibekov University осындай халықаралық кездесулер арқылы оқу орнының ғылыми әлеуетін арттырып қана қоймай, жаһандық білім беру кеңістігіне енуді мақсат етіп отыр. Мұндай байланыстар – университеттің халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтуға, академиялық репутациясын арттыруға және студенттердің халықаралық академиялық ортада тәжірибе алмасуына жол ашады.
Шымкент қаласында орналасқан бұл білім ордасы жаһандық ғылыми интеграция мен мәдени алмасу процестерінің белсенді қатысушысы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алдағы уақытта да Zhanibekov University шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікті кеңейтіп, халықаралық деңгейдегі білім беру мен зерттеу жобаларының орталығына айналуға ұмтылып келеді.