Ақпарат

DIGITAL SKILLS & CAREER ORIENTATION: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ

2025 жылы Қазақстанда алғаш рет 2 қазан – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтілмек. Осы айтулы күнге орай 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде арнайы іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Мереке аясындағы маңызды бастамалардың бірі – «Шеберлік құпиялары» жобасы. Бұл жоба техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әлеуетін таныту, сондай-ақ мектеп оқушыларына career guidance (кәсіби бағдар беру) бағытында қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» базасында «Бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының студенттері – Мұратбек Е., Шарипов Д. және Сапарбек А. – өздерінің кәсіби білімдерімен және digital-компетенцияларымен бөлісу мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№143 жалпы орта білім беретін мектебіне» барып, оқушыларға арналған бірқатар интерактивті masterclass өткізді.

Тақырыптық бағыттар мен мазмұны:

  1. «Tilda платформасында бір сағат ішінде қарапайым сайт жасау» – no-code технологиялар арқылы web development негіздерімен таныстыру;
  2. «Figma графикалық редакторымен жұмыс негіздері» – UI/UX дизайн мен прототиптеу дағдыларын дамыту;
  3. «Жасанды интеллект құпиялары» – AI (Artificial Intelligence) технологиясының негізгі принциптері, қолдану салалары және болашағы туралы түсінік қалыптастыру.

Бұл іс-шарада қолданылған әдістемелер project-based learning, peer-to-peer learning және hands-on experience негізінде құрылды. Осындай практикалық формат оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, заманауи ІТ-саласына деген көзқарасын кеңейтті.

Шеберлік сабақтары – оқушылар мен колледж студенттері арасындағы ed-tech серіктестіктің жарқын мысалы. Жоғары технологиялар саласына қызығушылығы бар мектеп оқушылары үшін бұл кездесу профессионалды даму жолын саналы таңдауға серпін берді.

Сонымен қатар, бұл бастама TVET (Technical and Vocational Education and Training) жүйесін насихаттауға, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қоғамдағы рөлін арттыруға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етеді.

«Шеберлік құпиялары» шеңберінде ұйымдастырылған бұл шеберлік сабақтар – цифрлық сауаттылықты арттыру, soft & hard skills үйлестіру, білім алушылардың креативті ойлауын дамыту бағытында тиімді білім беру құралы ретінде танылды.

Мұндай форматтағы іс-шаралар мектеп пен колледж арасындағы сабақтастықты нығайтып, жас буын өкілдерінің кәсіби әлеуетін дамытуға нақты қадам жасайды.

Қатысты жаңалықтар

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

bastynews

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР: «ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ: ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»

bastynews

ҰБТ-да мұғалім талапкерге тест сұрақтарына көмектескен (видео)

Bastynews