М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Корея Республикасының беделді жоғары оқу орны — Сангмён университетінің президенті Хонг Сенг Тэ мырза бастаған ресми делегация қабылданды. Сапардың мақсаты – екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сонымен қатар трансшекаралық білім беру және мәдени жобаларды дамыту перспективаларын талқылау болды.
Сангмён университеті — М.Әуезов университетінің көпжылдық сенімді серіктесі болып табылады. Екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық шеңберінде студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми-зерттеу қызметі және мәдени бастамалар табысты іске асырылып келеді. Атап айтқанда, Кинг Седжонг институты – корей тілі мен мәдениетін насихаттауға бағытталған ірі халықаралық жоба, қазіргі таңда Шымкент қаласында белсенді жұмыс атқарып отыр.
Сапар барысында өткен ресми кездесуде тараптар жоғары білім беруді интернационалдандыру стратегияларын, joint academic initiatives, dual-degree programs, collaborative research, сондай-ақ capacity building және lifelong learning бағыттарын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, жасанды интеллект, цифрлық білім беру технологиялары, smart learning экожүйелері және халықаралық серіктестік арқылы кадрлар даярлау мәселелері назарға алынды.
Делегация мүшелері Кинг Седжонг институтының оқу аудиторияларын аралап, ондағы білім алушылармен тілдесті. Олар корей тілі курстарының мазмұны, оқу-әдістемелік құралдар және интерактивті оқыту платформаларының қолданылуымен танысты. Кездесу тараптар арасында өзара сенім мен мәдени түсіністікті одан әрі арттыруға ықпал етті.
Сондай-ақ, сапар аясында екі университет арасында жаңа меморандумға қол қою туралы келісімге келінді. Құжат аясында педагогикалық және инженерлік бағыттар бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, халықаралық гранттық жобаларға қатысу және ғылыми-инновациялық зертханалар ашу жоспарланып отыр. Бұл бастамалар — Қазақстан мен Корея арасындағы ғылыми-академиялық дипломатияның маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
М.Әуезов университеті жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінде өз орнын нығайтып келе жатқан жетекші жоғары оқу орны ретінде, серіктестік байланыстарын кеңейтуге, халықаралық тәжірибені оқу үдерісіне енгізуге және жоғары білім сапасын арттыруға ерекше мән береді. Университеттің халықаралық даму стратегиясы QS World University Rankings, Times Higher Education сынды беделді рейтингтер талаптарына бейімделе отырып, бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыруға бағытталған.
