Жаңалықтар Қоғам

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ҮНДЕСТІГІ: ТІЛГЕ БОЙЛАУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Шымкент қаласындағы «№1 Оқушылар сарайы» базасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің қатысуымен «Тілім – менің тарихым: тілге бойлау» тақырыбында тәжірибелік түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара «Тілге бойлау» жобасы аясында өткізілді және оған қаладағы 51 педагог қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың когнитивті, коммуникативтік және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тіл мен тәрбие сабақтастығын сақтау арқылы білім беру үдерісіне ұлттық құндылықтарды сіңіру. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және ғылым мен практиканы кіріктіру арқылы білім беру сапасын жетілдіру көзделеді.

Кездесу барысында келесі бағыттар бойынша мазмұнды талқылаулар жүргізілді:

  • «Тілім – менің тарихым: тілге бойлау» жобасының ғылыми-әдістемелік негізі, мақсаты мен құрылымдық ерекшеліктері талданып, оның мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі орны мен маңыздылығы сараланды. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарда тілді меңгертудің лингвомәдени және психолингвистикалық аспектілері қарастырылып, тілдік орта қалыптастырудың тиімді әдістері ұсынылды. Педагогтердің рефлексивті практикаларын жетілдіру, балалардың тілдік қабілеттерін дамытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану мәселелері қозғалды. Білім беру мазмұны мен ұлттық тәрбие жүйесінің өзара байланысын нығайту, инклюзивті білім беру мен тілдік қолдауды жүзеге асыру жолдары бойынша пікір алмасу өтті

Іс-шара диалогтық алаң форматында ұйымдастырылып, педагогтердің белсенді қатысуымен өтті. Әңгіме-сұхбат нәтижесінде жобаның құрылымы мен мазмұнына қатысты түсініктер тереңдеп, оны нақты тәжірибеде жүзеге асыру тетіктері нақтыланды. Педагогтер тіл үйретудегі трансдисциплинарлық тәсілдер, эмоционалды-тілдік тәжірибелер мен ойын арқылы оқыту стратегияларын меңгеру бойынша практикалық ұсыныстар алды.

Жоба шеңберінде ұсынылған инновациялық әдіс-тәсілдер мен ғылыми дәлелденген оқыту модельдері педагогтердің кәсіби дамуында маңызды рөл атқаратыны анықталды. Педагогтер тарапынан тілге бойлау жобасының ұлттық болмыс пен заманауи білім беру парадигмасын ұштастыратын платформа ретінде маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Қорытындысында қатысушылардың көпшілігі жобаны білім беру бағдарламаларына тиімді кіріктіру, тіл мен тәрбие үйлесімдігін сақтау, оқыту үдерісінде мәдениетаралық коммуникацияны дамыту және көптілді білім беруге көшу кезеңіндегі өзекті мәселелерді шешудің құралы ретінде қабылдады.

«Тілге бойлау» жобасы – ұлттық құндылықтар мен заманауи білім беру әдістемелерін біріктіре отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы тілдік білім мен тәрбие берудің әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды педагогикалық бастама.

Қатысты жаңалықтар

РЕГИСТРАЦИЯ ИЗБРАННОГО АКИМА БОРЛЫСАЙСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

bastynews

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «ЕРЕКШЕ» КОЛЛЕДЖГЕ ЖЕДЕЛСАТЫ ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР

Bastynews

ТҮРКІСТАН: ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШУДІҢ ТИІМДІ ТҰСЫ КӨП

Bastynews