Қазіргі білім беру жүйесінде институционалдық тұрақтылық, нәтижеге бағытталған басқару және сапа менеджменті басты назарда тұр. Осы бағытта 2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының басшыларымен ақпараттық-әдістемелік семинар-кеңес өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырды.
Бүгінде үшінші мегаполис – Шымкент қаласында білім сапасын ішкі және сыртқы бағалау тетіктері жаңарып, жаңа форматта жүргізілуде. Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдарының нормативтік-құқықтық талаптарға сәйкестігін, институционалдық әлеуетін, білім беру процесін ұйымдастыру сапасын және тәрбие мен оқытудың нәтижелілігін анықтайтын маңызды рәсім.
Семинар-кеңестің мақсаты – 2025 жылы аттестаттаудан өтетін мектептердің басшыларына:
- аттестаттаудың нормативтік негіздерін;
- рәсімнің кезең-кезеңімен жүзеге асырылу алгоритмін;
- цифрлық деректерді ұсыну, құжат айналымын автоматтандыру, білім беру мониторингі сияқты заманауи талаптарды толық әрі нақты түсіндіру.
Іс-шарада сөз алған Департамент басшысы Рыскелді Әліш мектеп басшыларына арналған бұл дайындықтың маңыздылығына ерекше тоқталып, басқарушылық жауапкершілік, дәлелге негізделген шешім қабылдау, дерекке сүйенген жоспарлау секілді маңызды басқару құзыреттеріне назар аударды.
Сонымен қатар, семинар барысында келесі аспектілер жан-жақты қарастырылды:
- Аттестаттау кезінде ескерілетін сапалық және сандық көрсеткіштер;
- Электронды білім беру ресурстарын пайдалану деңгейі;
- Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі;
- Педагогикалық кадрлармен жұмыс жүргізу сапасы;
- Құқықтық және этикалық регламенттерді сақтау.
Қатысушылар тарапынан қойылған нақты сұрақтарға жедел жауаптар беріліп, тәжірибелік нұсқаулықтар ұсынылды. Сонымен бірге, аттестаттауға дейінгі аралықта да барлық туындаған сұрақтарға жедел түсініктеме беріліп отыратыны жеткізілді. Бұл іс-шара білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттауға сапалы дайындалуға жол аша отырып, ашықтық, жүйелілік, жауапкершілік, сандық деректермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру сияқты құндылықтарды насихаттайды. Сонымен бірге, білім беру сапасын бағалауда объективтілік пен дәлдік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Шымкент қаласының білім беру жүйесі қазіргі таңда цифрлық трансформация, жаңартылған басқару мәдениеті, стратегиялық көшбасшылық бағытында серпінді дамып келеді. Бұл – үшінші мегаполистің білім беру ұйымдары сапаны басқарудағы жаңа парадигмаға көшкенінің айқын дәлелі.
