Соңғы жаңалықтар

ИННОВАЦИЯ МЕН ҰЛТТЫҚ МҰРА: ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕГІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ

Шымкент қаласындағы №105 Елгезек бөбекжай-бақшасының базасында DANA BALA жобасы аясында өткен Білім берудегі инновациялық серпіліс дамытушы ойындар мен ойыншықтардың рөлі тақырыбындағы аймақтық тәжірибелік семинар мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғыртудың жарқын мысалы болды. Үшінші мегаполис педагогтерінің басын қосқан бұл шара ұлттық тәрбие мен инновациялық әдістемелерді тиімді үйлестірудің табысты платформасына айналды

Семинарға жүзге жуық мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен әдіскерлері сондай-ақ балабақша басшылары мен білім саласы сарапшылары қатысты. Қатысушылар қазіргі заманғы білім беру трендтеріне сай педагогикалық инновациялар мен этнопедагогикалық тәсілдердің үйлесімділігін талқылады. Семинар барысында ойын арқылы оқыту әдістемесі мен мектепке дейінгі жастағы балалардың когнитивтік эмоциялық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағытталған авторлық жобалар ұсынылды

Семинар аясында бірнеше өзекті бағыттар бойынша тәжірибелік сессиялар ұйымдастырылды. Атап айтқанда дамытушы ойыншықтарды оқу процесіне интеграциялау жолдары талқыланып баланың жас ерекшелігіне сай сенсорлық және моторлық дағдыларын жетілдіруге бағытталған ойын үлгілері көрсетілді. Педагогтер өз қолдарымен әзірлеген он төрт дамытушы ойыншық үлгісін ұсынып олардың мазмұны мақсаттылығы және практикалық қолдану аясы бойынша сараптамалық пікірлер алынды

Ұлттық мұраны жаңғырту бағыты бойынша асық ойынының тәрбиелік әлеуеті кеңінен талқыланды. Қатысушылар асық арқылы баланың зейін тұрақтылығы логикалық ойлауы және кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту жолдарын ұсынды. Сонымен қатар этноойындарды жүйелі қолданудың бала тұлғасының әлеуметтену процесіне оң әсері ғылыми негізде дәлелденді

Метеоалаң және табиғат бұрышы секілді зерттеу кеңістіктері арқылы балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту мәселесі де кеңінен қамтылды. Бұл бағытта STEM элементтерін мектепке дейінгі білім беру деңгейіне бейімдеу мысалдары ұсынылып эксперименттік бақылау мен қорытынды жасауға негізделген практикалық жұмыстар жүргізілді. Мұндай тәсіл баланың ғылыми сауаттылығын ерте жастан қалыптастыруға мүмкіндік береді

Ісшарада заманауи білім беру трендтеріне сай оқытудың интердисциплинарлық үлгілері креативті ойлауды дамыту әдістері сондайақ цифрлық технологияларды ойын форматына енгізу жолдары қозғалды. Педагогтер баланың табиғи қызығушылығын басшылыққа ала отырып білім беруді ойынмен ұштастыру оқыту процесінің тиімділігін арттыратынын атап өтті

Семинар барысында ойын арқылы баланың функционалдық сауаттылығын арттыру зерттеушілік қабілетін дамыту және инклюзивті білім беруге бейімдеу мүмкіндіктері қарастырылды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ БІЛІМ ОШАҒЫНДА «SOS ДАБЫЛ БАТЫРМАСЫ» ОРНАТЫЛДЫ

Bastynews

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Bastynews

ПОЛУЧИТЬ ГАРАНТИРОВАННЫЕ СОЦПАКЕТЫ СТАЛО ПРОЩЕ

Bastynews