Ақпарат Қоғам

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында цифрландыру, өнеркәсіпті дамыту, азаматтардың жағдайын жақсарту, ауылшаруашылығы саласын дамытуда бірқатар оңды ұсыныстар айтты. Бізге қазір өндірілген өнімді терең өңдеу, өнімнің шикізат күйінде қалып қоймауына назар аудару қажет. Ауылшаруашылығында ғылымды дамыту – өте орынды көтерілген мәселе. Агроғылым дамымаса ауылшаруашылығы саласы алға жүрмейді. Үкіметке су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау міндеті жүктеліп отыр. Платформада жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты сулары туралы мәлімет жинақталады. Сондай-ақ, каналдардың, су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйі жөніндегі ақпарат болады. Бұл – өте қажет жоба.
Біз ауылшаруашылығы саласының әлеуетін әлі толық пайдалана алмай отырмыз. Саланы дамытудың маңызы өте зор. Өйткені қазақтың жаны, өзегі ауылда. Айтылған мәселелерді кешенді түрде шеше алсақ, агросекторды одан әрі дамытар едік. Қазіргі уақытта нарыққа бейімделу, бәсекеге қабілетті болудың маңызы зор.
Жалпы инвестиция тартуда нақты қажет салаларды анықтауымыз керек. Инвестиция тартуда да тәртіп керек екені айқындалып отыр. Мұның бәрі де дер кезінде айтылып отырған мәселелер.

Кенжехан ТӨЛЕБАЕВ, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қатысты жаңалықтар

113 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕР БІЛІМ ГРАНТТАРЫ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСТЫ

bastynews

БІРЛІК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

bastynews

Қазақстанда ипотека қымбаттайды

bastynews