Ақпарат Жаңалықтар

Бүгін Отырар ауданында аудандық және қалалық ардагерлер ұйымдарының қызметін талдау, алдағы даму жоспарларын нақтылау және «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» тақырыбында кездесу өтті.

Жиынға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Әбдішүкір Әбдімәлікұлы Сапарбеков, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмақанұлы, аудандық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбікей Таңат, еңбек ардагері Мәрия Белгібаева, сондай-ақ «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасы» ұйымдарының мүшелері қатысты.

Басқосу барысында қоғам үшін ең өзекті тақырыптардың бірі – жас ұрпақ тәрбиесі кеңінен сөз болды. Қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салып, жастарды тәрбиелеуде жаңа тәсілдер қажет екеніне тоқталды.

– Бүгінгі жастардың саналы болып өсуі – елдің ертеңгі іргетасы. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл бағытта бірлесе атқарған еңбек қана нәтижелі болмақ, – деп атап өтті ардагерлер кеңесінің мүшелері.

Жиынға қатысушылар жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде тың бастамаларды қолдау қажеттігін айтып, қоғамның барлық өкілдері жұмыла кірісуі тиіс екенін жеткізді. Сондай-ақ кездесу барысында ұрпақ тәрбиесіне арналған тақырыптық қойылымдар ұйымдастыру, заманауи тәрбие формаларын енгізу және сабақтастықты нығайту үшін кешенді бағдарлама әзірлеу жөнінде ұсыныстар жасалды.

Қатысты жаңалықтар

НАУЧНЫЙ КВЕСТ «ХИМИКО-БИОЛОГИЧЕСКИЙ КВЕСТ: ИССЛЕДУЕМ МИР НАУКИ» ОБЪЕДИНИЛ СТУДЕНТОВ ШЫМКЕНТСКИХ ВУЗОВ

bastynews

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ – ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

bastynews

Қазақстанда алғашқы жарты жылдықта 7,9 миллион м2 тұрғын үй пайдалануға берілді – өсім 6,6%

bastynews