Ақпарат

Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығында» этносаралық кездесу өтті

Іс-шараның мақсаты – қала жастары арасында ұлтаралық татулықты нығайту, өзара сыйластық пен бірлікті насихаттау болды.
Кездесуге қала тұрғындары, белсенді жастар, этномәдени бірлестік мүшелері, қала ардагерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Шара барысында қатысушылар бейбітшілік пен келісім құндылықтары жайлы пікір алмасты, әр этностың мәдени ерекшеліктері мен дәстүрлері таныстырылды.
Кездесуде сөз алғандар этносаралық татулықтың еліміздегі тұрақтылық пен дамудың негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар жастарға арналған мәдени бағдарламалар ұсынылып, ұлттық билер мен әндер шырқалды. Бұл мерекелік қойылымдар қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мұндай іс-шаралар жастардың бір-біріне деген құрметін арттырып, ел ішіндегі татулықты сақтауға өз үлесін қосары сөзсіз.
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі

Қатысты жаңалықтар

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІ БАСТАЛЫП КЕТТІ

bastynews

Шымкентте жас отбасылар арасында «ОТАУ IQ» интеллектуалдық-шығармашылық сайысы өтті

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ 62 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРТЫЛУДА

bastynews