Ақпарат

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен этносаралық татулықты нығайту мақсатында Кентау қалалық емханасында кездесу өтті.

Іс-шараға Кентау қалалық мәслихатының депутаты, №9 С. Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Мұсаханова Үлбала Ермаханқызы, қала жастары мен тұрғындары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – көпұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтау, түрлі ұлт өкілдері арасында өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту болды.
Шара барысында қатысушылар Қазақстандағы этносаралық татулықтың маңызы туралы пікір алмасып, әр ұлттың мәдени ерекшеліктері мен салт-дәстүрлері жайлы ой бөлісті.
Кездесу аясында этносаралық ынтымақтастық пен ұлттар арасындағы ауызбіршілік мәселелері талқыланды. Қатысушылар бірлік пен достықтың – ел тұрақтылығы мен дамуының негізі екенін атап өтті.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады.
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі

Қатысты жаңалықтар

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ ҰЛТЫ ҚАЗАҚ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ: АКАДЕМИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ 10 АЙДА 146 ІСКЕ АЗАЙДЫ

bastynews

«Халық қарғысы» деген медаль шығарып, тарату керек» – журналист

Bastynews