Әлем жаңалықтары Жаңалықтар

Президент Тоқаевтың мақаласы China Daily басылымында жарық көрді

Бүгін Қытайдың жетекші ағылшын тілді China Daily газетінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation» («Қазақстан мен Қытайдың берік қарым-қатынасы – табысты ынтымақтастық кепілі») атты көлемді мақаласы жарық көрді.

Мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің даму бағыты, өзара сенімге негізделген саяси диалог, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың артуы, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) әлеуетін нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы берік әрі сенімді әріптестік тарихына тоқтала отырып, болашақтағы жаңа мүмкіндіктерге ерекше назар аударды. Президент Тоқаев Қазақстанның Қытаймен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниетті екенін және бұл қарым-қатынастың аймақтық тұрақтылық пен жаһандық дамуға да зор үлес қосатынын атап өтті.

China Daily – әлемге танымал халықаралық басылым. Газеттің күнделікті таралымы шамамен 700 мың данаға жетсе, оның онлайн және мобильді нұсқаларын 350 миллионнан астам оқырман тұрақты түрде пайдаланады. Сондықтан бұл мақала жаһандық аудиторияға Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымдары мен Қытаймен стратегиялық ынтымақтастығы туралы кең көлемде ақпарат жеткізді.

Қазақстан Президентінің мақаласының Қытайдың және халықаралық қауымдастықтың ірі аудиториясына жетуі – екі ел арасындағы сенімді серіктестіктің тереңдігін және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артқанын көрсетеді.

Мақалаға сілтеме: https://www.chinadaily.com.cn/a/202508/30/WS68b230f7a3108622abc9dea5.html

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Bastynews

ГОЛОСУЮТ ВЕТЕРАНЫ

Bastynews

Трамп ауыр хәлде, инсульт алған

Bastynews