Ақпарат Саясат

ТҮРКІСТАН: «Заң мен Тәртіп – ел тірегі» форумы өтті

Түркістан облысында шалғай елді мекендерде «Заң мен Тәртіп» қағидасын насихаттау, сондай-ақ қаржылық пирамидалар мен дроп қызметінің алдын алу мақсатында форум өтті.

Іс-шараны Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өткен форумға білім беру мекемелерінің жетекшілері, қоғамдық ұйымдар мен жастар мен тұрғындар қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – шалғай ауыл тұрғындары арасында құқықтық мәдениетті арттыру, заңға бағыну қағидатын кеңінен түсіндіру, сондай-ақ қаржылық пирамидалар мен дроп қызметінің қауіптілігі туралы халықты ақпараттандыру болды.

Шарада азаматтарды қаржы пирамидаларының залалынан қорғау жолдары, дроп қызметін пайдаланудың қылмыстық-құқықтық салдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар, пікірталас алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын білдіріп, мамандардан сұрақтарына жауап алды.

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті алдағы уақытта да шалғай елді мекендерде құқықтық сауаттылықты арттыруға, көлеңкелі экономиканың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыратын болады

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНДА ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

bastynews

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА МАҢЫЗДЫ ШАРА ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ: 2025 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА ТАЛДАУ

bastynews