Басты жаңалықтар

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ БІЛІМ КӨШІН АЛҒА СҮЙРЕЙТІН БАСШЫЛЫҚ ҚҰРАМ ЖАҢАРУДА

Шымкент қаласы – еліміздегі үшінші мегаполис ретінде білім саласын дамытуда нақты әрі жүйелі қадамдар жасап келеді. Қала мектептеріндегі басқару жүйесінің сапасын арттыру, педагогтер құрамының кәсіби біліктілігін көтеру – басты басымдықтардың бірі. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 152 жалпы білім беретін мектепте директорлар өз қызметін атқаруда. Бұл – мектепішілік басқару жүйесінің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын көрсететін маңызды көрсеткіш.

Сонымен қатар қазіргі уақытта 10 мектепте директор лауазымы бос тұр. Бұл білім беру ұйымдарына кәсіби басқарушы кадрларды іріктеу және тағайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бос тұрған лауазымдарға үміткерлерді қабылдау конкурстық негізде ұйымдастырылып, ашықтық пен әділдік принциптері негізінде жүзеге асады.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша да жаңалықтар бар. Қаладағы 4 мемлекеттік балабақшада меңгеруші лауазымы бос. Балалар тәрбиесі мен ерте жастағы білім беру ісіне тікелей жауапты бұл лауазымдарға жоғары жауапкершілікпен қарау – маңызды міндет. Сондықтан басқарушы кадрларды сапалы іріктеу бұл бағытта да басты назарда.

Шымкент қаласы білім басқармасы 2025-2026 оқу жылына қарай біліктілігі жоғары педагогтердің үлесін 75 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бұл – ұстаздардың кәсіби дамуын ынталандыруға бағытталған ауқымды мақсат. Мұғалімдердің аттестациядан өту жүйесі де жетілдірілуде. Енді аттестация «Ұстаз» платформасы арқылы электронды форматта жүргізіледі. Бұл үдеріс педагогтердің уақыты мен ресурсын үнемдеуге, әрі үміткердің шынайы біліктілігін бағалауға жол ашады. Аттестация нәтижесі бойынша шешім 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Сонымен қатар жаңа мамандарды жұмысқа қабылдау рәсімі де цифрландыру негізінде жүзеге асырылуда. Қаладағы білім беру мекемелеріне педагогтерді жұмысқа қабылдау процесі hr-nobd.iac.kz порталы арқылы жүргізіледі. Бұл портал ашық конкурс негізінде кандидаттарды іріктеу мүмкіндігін ұсынады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.

Қазіргі таңда білім беру саласы үлкен өзгерістер мен жаңа міндеттер кезеңіне қадам басты. Үшінші мегаполис – Шымкент қаласында осы өзгерістер нақты нәтижелермен көрініс табуда. Басқарушы кадрлардың жаңаруы мен біліктіліктің артуы – мектептің ішкі мәдениетін, оқушылардың сапалы білім алуын және ата-аналардың сенімін нығайтатын маңызды фактор.

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, білім саласында сапалы кадрлық құрам қалыптасып, нәтижелі жұмыс істеуге жол ашады. Жаңа дәуірдің талаптарына сай педагог пен басшы – білім сапасының басты тірегі екенін ескере отырып, Шымкент қаласы осы бағытта алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізуді жалғастыруда.

Қатысты жаңалықтар

2025 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

bastynews

Шымкент: Әке екі баласын жарып жібермек болған

Bastynews

КОМПЛЕКСНОЕ РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА: ОБРАЗОВАНИЕ, ПОДДЕРЖКА МОЛОДЕЖИ И КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА В ФОКУСЕ ГОРОДСКОЙ ПОВЕСТКИ

bastynews