Санатталмаған

Тоқаевтың мақаласын талдаған Құрманғазы оркестрі арнайы жиын өткізді

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұжымдық жиналыс өткізді. Жиынның күн тәртібіне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы қойылып, жан-жақты талқыланды.

Жиналысты Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі директорының орынбасары Медет Қуанышев ашып, жүргізді.

«Өздеріңіз білетіндей, атаулы мерейтой Республика деңгейінде аталып өтпек және Құрманғазы оркестрі бұл көштен қалмай жылдың басын Абай Құнанбайұлына арнағалы жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абайдың қазақ еліне сіңірген кеңінен тарқата жазып, «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық» деп атап өткен болатын», – деді М. Қуанышев.

Сонымен қатар, жиналыста Құрманғазы оркестрінің концерттік менеджері Халес Капезұлы, бас дирижер Абылай Тлепберген және оркестр әртістері Ләйла Мазова мен Мақсат Тлепбергенов те сөз сөйлеп, мемлекет басшысының мақаласы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойына қатысты өз пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ, Медет Қуанышев бүгінгі күн тәртібіне қойылған мәселеге байланысты жиналысқа қатысушылардың ұсынысын сұрады.

Осы орайда сөз алған Құрманғазы оркестрінің дирижері Жанас Бекентұров Абайдың өлеңдері мен әндерін тек осы мерейтойда айтып қана қоймай, болашақта азық болардай ой түйсігімізге тоқып алуымыз қажет екенін атап өтті.

 

Жиын соңында Құрманғазы оркестрінің ұжымы бірлесіп Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру