🔹Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Этномедиация кеңесінің кезекті кеңейтілген отырысы өтті.
🔹Іс-шараға ҚХА Хатшылық меңгерушісі, Этномедиация кеңесінің мүшелері, құрылым медиаторлары, сондай-ақ Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ніңқызметкерлері қатысты.
Кеңесті Этномедиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор, білікті заңгер Дана Ақәділқызы Кенжеқұлова ашып, II тоқсандағы кеңес қызметінің қорытындысы мен медиация саласындағы нәтижелі жұмыстармен таныстырды.

🔹«Мемлекет басшысының ҚХА-ның XXXIV сессиясында берген тапсырмасына сәйкес, этномедиацияны дамыту бағытында бүгінгі отырысты ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз – қоғамда медиация мәдениетін қалыптастыру және этносаралық қатынастарда бейбіт келісім механизмін тиімді пайдалану», – деді Дана Кенжеқұлова.
🔹Баяндамадан белгілі болғандай, II тоқсан ішінде кеңес мүшелері, 12 іс-шара ұйымдастырып, 650-ге жуық адамды қамтыған және 12 қылмыстық іс пен 548 азаматтық іс медиация арқылы шешімін тапқан.
🔹Кеңес барысында сөз сөйлеген Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы этносаралық қатынастар бөлімі- ҚХА хатшылық меңгерушісі Айгүл Әмзеева этномедиацияның қоғамдағы орнына тоқталып, сала белсенділерін Медиация күнімен құттықтады. Сондай-ақ, осы бағытта еңбек етіп жүрген медиаторлар марапатталды.
🔹Отырыс аясында судья, кеңес мүшесі Еркен Отарбаев пен қоғамдық медиатор Аббас Шамирзаев та өз пікірлерін білдіріп, медиацияның құқықтық және әлеуметтік маңызына тоқталды.

🔹Кеңес соңында, қатысушылар ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, алдағы жұмыстар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін жеткізді.
Қоғамдық келісім баспасөз қызметі