Ақпарат Басты жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК: БАЛАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТӘРБИЕНІҢ ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕСІ

Шымкент қаласындағы №122 «Ақ көгершін» бөбекжай-бақшасында «Балаға бағытталған білім беру: әдіс, мазмұн, нәтиже» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі білім беру саласында қолданылып жүрген инновациялық әдістер мен педагогикалық технологияларды көрсету арқылы педагогтердің кәсіби дамуына қолдау білдіру және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалымен өзара ынтымақтастықты нығайту болды.

Іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша КДИ филиалының директоры М.Медетбекова, біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары мен топ жетекшілері З.Тұрсынбаева және А.Адиллаева қатысты.

Ашық есік күні аясында №122 бөбекжай-бақшасының педагогтері білім беру мазмұны мен әдістемелік тәжірибесін ортаға салды:

  • Тәрбиеші К. Мырзаева балаларға ұлттық тәрбие берудің үлгісін салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар мен шығармашылық көрме арқылы ұсынды;
  • Е. Скрипинская балалардың зерттеушілік дағдысын дамыту мақсатында судың қасиеттеріне байланысты қызықты тәжірибелер ұйымдастырды;
  • Ж. Абдикадирова ауа райы мен табиғи құбылыстар тақырыбын терең меңгеруге бағытталған зертханалық жұмысты көрсетті;
  • Педагог-логопед С. Бижигитова логоритмика бойынша шеберлік сабағын өткізіп, сөйлеуді дамытудағы тиімді әдістемелік тәсілдерді таныстырды.

Іс-шара барысында педагогтер балаға бағытталған білім беру қағидаттарының нақты іске асуын көрсете білді. Балалардың шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі және зерттеушілік әрекеттері жоғары деңгейде байқалды. Сонымен қатар, тәрбиешілердің ұлттық құндылықтарды заманауи тәсілдермен ұштастыра отырып жүргізген жұмысы қатысушылар тарапынан оң бағаға ие болды.

Ашық есік күні аясындағы мазмұнды іс-әрекеттер мектепке дейінгі білім беру жүйесінде гуманистік және тұлғалық-бағдарлы тәсілдерді қолданудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді. Тәрбие – құндылықтарға негізделген тұтас процесс. Ол баланың жан дүниесін байытып, ұлттық болмыс пен адамгершілік қағидаттарын бойына сіңіруге ықпал етеді.

Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, балалардың әлеуетін ашуға және сапалы мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тәжірибе алаңына айналады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫ МЕН ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕР ТУРИСТЕРДІ БАУРАП ЖАТЫР

bastynews

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

bastynews

ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУА ЖЫЛЫЖАЙДАН 400 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ АЛАДЫ

bastynews