Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ – БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН СЕНІМДІ ҚАДАМ

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – бала дамуының алғашқы және маңызды кезеңі ретінде айрықша назарда. Осы тұрғыда Шымкент қаласы мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртуда және қолжетімділікті арттыруда жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласында жалпы саны 634 балабақша жұмыс істейді. Оның ішінде 71-і мемлекеттік, 563-і жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Бұл көрсеткіш – жеке сектордың белсенділігі мен мемлекеттік саясаттың тиімділігі нәтижесінде білім беру саласында серпін пайда болғанының дәлелі.

Шаһардағы барлық балабақшалар заманауи талаптарға сай жабдықталған, тәрбиеленушілерге қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырылған. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі жаңартылған білім мазмұны негізінде жүргізіліп, баланың жас ерекшеліктеріне сай тілдік, когнитивтік, әлеуметтік және физикалық дамуына басымдық берілуде.

Білім сапасының негізі – ерте жастан қаланатыны белгілі. Осы орайда Шымкент қаласында балабақша тәрбиешілері мен педагогтерінің кәсіби дамуына ерекше мән берілуде. Педагогтердің 80%-дан астамы біліктілік арттыру курстарынан өтіп, қазіргі заман талаптарына сай тәжірибе жинақтауда.

Сонымен қатар, инновациялық бағдарламалар мен әдістемелер кеңінен енгізілуде. «Монтессори», «Step by Step», «ТРИЗ» технологиялары, робототехника негіздері, логикалық ойлау мен тіл дамыту бағытындағы бағдарламалар арқылы баланың шығармашылық қабілеттері дамытылуда.

Балалардың жан-жақты дамуы үшін қосымша үйірмелер мен шығармашылық студиялар жұмыс істейді. Би, сурет, қолөнер, тіл үйрену, театр өнері секілді бағыттарда балалардың дарыны мен қызығушылықтары айқындалып, әрқайсысына жеке қолдау көрсетіледі.

Балабақша тәрбиеленушілері қалалық және республикалық деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл — тек баланың ғана емес, ата-ана мен тәрбиешінің, жалпы қоғамның ортақ жеңісі.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен ата-аналар арасындағы серіктестік байланыс – тәрбиенің табысты болуына ықпал ететін маңызды фактор. Шымкент қаласындағы балабақшаларда «Ашық есік күндері», «Ата-ана университеті», «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ іс» секілді жобалар жүзеге асырылып, ата-аналар тәрбиелеу үдерісіне белсенді түрде тартылуда.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қолжетімділікті арттыру – қала әкімдігінің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Соңғы жылдары жаңа балабақшалар саны артып, кезек күту айтарлықтай қысқарды. Сонымен қатар, балабақшалардағы цифрлық жүйелер мен автоматтандырылған платформалар арқылы тіркеу, мониторинг және ата-анамен кері байланыс жұмыстары жеңілдетілді.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 760 МЫҢНАН АСТАМ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУШЫ БАР

bastynews

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

bastynews