Ақпарат Қоғам

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢА МЕКТЕПТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова №151 және №152 жалпы орта мектептердің құрылыс алаңдарына арнайы барып, нысандардағы жұмыс барысымен танысты.

Құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімі – жаңа оқу жылын уақытында және қауіпсіз жағдайда бастаудың негізгі кепілі. Осы ретте басқарма басшысы мердігер мекемелер мен сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеп, әрбір істің тиянақты әрі жүйелі орындалуын талап етті.

Мектеп құрылысының қарқыны мен сапасына баса назар аударылған. Бұл – білім беру сапасын арттырумен қатар, оқушыларға қолайлы әрі заманауи оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

«Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтеріп жатқан білім ошақтары – заманауи инфрақұрылыммен қамтылып, оқыту үдерісінің жаңа талаптарына толық сай болуы тиіс. Шымкент қаласы осы бағытта жоспарлы әрі мақсатты жұмыстарды жалғастыруда.

Қатысты жаңалықтар

2026 жылға қарай МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

bastynews

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ РУХАНИ-МӘДЕНИ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫ

bastynews