Ақпарат Қоғам Мәдениет

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕН БАСТАЛАДЫ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ


С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, білім саласының танымал реформаторы Асхат Аймағамбетовпен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға магистранттар, бакалавриаттың үздік түлектері және «Серпін» бағдарламасының білім алушылары қатысты. Кездесу барысында Асхат Қанатұлы еліміздің болашағы — жас буынның интеллектуалдық әлеуетіне, ғылыми-кәсіби дайындығына тікелей байланысты екенін атап өтіп, магистратураның маңызына ерекше тоқталды.

 – Қоғам мен технологияның қарыштап дамуы жағдайында, әсіресе білім беру саласында, магистр дәрежесінің болуы – уақыт талабы. Мемлекет жоғары білікті мамандар даярлаудың стратегиялық маңыздылығын терең түсінеді, сондықтан азаматтарды магистратураға түсуге ынталандыру мен қолдаудың тиімді тетіктерін жүйелі түрде енгізіп келеді. Бұл білім беру жүйесін жаңғыртудың ішкі басымдықтарына да, озық халықаралық тәжірибелерге де толық сай келеді, – деп атап өтті депутат. Сонымен қатар, ол кадр даярлау ісінде өңірлік университеттердің рөліне тоқталып, ғылыми-инновациялық орталыққа айналуы тиіс екенін жеткізді. Депутат білім мен ғылымның, технология мен өндірістің ықпалдасуы – еліміздің технологиялық тәуелсіздікке ұмтылу жолындағы басты басымдықтарының бірі екенін айтты. Айта кетейік, бүгінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да магистратураның 39 білім беру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Сондай – ақ, олардың арасында қазіргі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие жаңа бағыттар қамтылған.

Атап өту керек: «Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық», «Білім беру саласындағы зерттеулер», «Цифрлық педагогика», «Философия және дінтану», «Ядролық физика және радиациялық материалтану», «Компьютерлік инженерия», «Экономика және басқару», сондай-ақ Генуя университетімен (Италия) бірлесіп әзірленген «Туристік дестинациялар менеджменті және тұрақты даму» атты халықаралық бағдарлама да бар.

Кездесу жастар үшін тек білім беру мәселелерін талқылау емес, сонымен қатар еліміздің болашағына қатысты маңызды пайымдаулармен бөлісудің тиімді алаңына айналды. Алдағы уақытта да лсындай кездесулер болатынын ескере отырып, студенттер өз сұрақтарын қойып, пікір алмасып, білім саласының дамуына қатысты өз ойларын білдіруге мүмкіндік алды.

Қатысты жаңалықтар

Түркістандық кәсіпкер 7000-нан астам алма ағашын өсіріп жатыр

Bastynews

Патерналистік моделінің ерекшелігі

Bastynews

МАСЫЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯДАН АРЫЛУ ҚАЖЕТ

Bastynews