Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

«JAS KEÑES SIYLIGI» 2025 ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Jas Keñes Siyligi» тәуелсіз жастар сыйлығын өткізу тақырыбында баспасөз брифингі өтті. ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі Озода Маннопова 2025 жылғы «Jas Keñes Siyligi» жастар сыйлығына қатысудың шарттары, биылғы өзгерістері туралы толығырақ айтып берді.

«Jas Keñes Sıylığı» — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі салаларында өзін таныта білген, адал еңбек етіп жүрген жас мамандарға табысталады. Биыл сыйлық құрылымында бірқатар өзгерістер бар. Номинациялардың саны былтырғы жетіден онға дейін артқан. Биыл жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен дәрігерлер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустриялар және атом өнеркәсібі саласының мамандары қамтылып отыр.


– Сыйлықтың әрбір номинациясы белгілі бір сала қызметкерлеріне арналған. Мәселен, ішкі істер органдары мен қарулы күштер өкілдері, медицина қызметкерлері мен дәрігерлер, өндіріс және тау-кен саласы мамандары, инклюзивті оқу және әлеуметтік мекемелер қызметкерлері, педагогтер мен ғалымдар, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, энергетика мен атом өндірісі қызметкерлері, құрылысшылар мен жұмысшы мамандық өкілдері, агроөнеркәсіп кешені мамандары және ақпараттық технологиялар мен креативті индустрия қызметкерлері өз саласы бойынша байқауға қатыса алады, – деді О.Маннопова.

Сыйлыққа еліміздің 35 жасқа толмаған азаматтары үміткер бола алады. Байқауға өтінімдер 2025 жылғы 20 шілдеге дейін https://www.jas-kenes.kz/application сілтемесі арқылы қабылданады. Конкурстық іріктеу үш кезеңнен тұрады, нәтижесінде әр номинация бойынша екі жеңімпаз, жалпы 20 жеңімпаз анықталады. Жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды, әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Jas Keñes Siyligi» жастарды қолдау және олардың кәсіби дамуына серпін беру арқылы Қазақстанның барлық өңіріндегі жас мамандардың әлеуетін арттыруды көздейді. Өтінімдерді қабылдау 25 маусымнан бастап, 25 шілдеге дейін жүргізіледі.

«Шымкент келбеті»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтарға тегін медсақтандыру мен 70 мың доллар ұсынылуда

Bastynews

Балық өсіруге мемлекеттік қолдау жетпейді – Мағзұм Мырзағалиев

Bastynews

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

bastynews