Ақпарат Қоғам

ДРОПТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ: ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ


Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастауымен Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің ұйымдастырумен «Қаржылық қауіпсіздік: жарқын болашаққа жетелейді» атты облыстық семинар-тренинг өтті.


Іс-шараға арнайы Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға офицері Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызы
Аудан әкімінің орынбасары Тұрнияз Илияс Еркінұлы
Шымкент қалалық «ReVita Rehad» оңалту орталығының басшысы Шильдерханов Мухтар Нурманұлы
Тәжірибелі психолог Утемисова Асем және Турсынбаева Айсұлу Полатқызы және
аудандық психолог мамандар қатысты.

Шараның басты мақсаты жастардың қаржылық қауіпсіздігін қорғап, дроптар мен қаржылық пирамидаларды түсіндіру және де жастар арасында белең алған лудоманиямен күрес болды.
Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызының «Қаржылық алаяқтықтың алдын-алу және қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында қаржылық сауаттылықтың алдын-алу бойынша баяндады.
Семинар Мухтар Ниязұлының «Лудомания салдары және шығу жолы» тақырыбында емдеу жолдарын психологтарға түсіндірді.
Утемисова Асем және Тұрсынбаева Айсұлудың тренингімен жалғасын тапты.
Іс-шара соңында кері байланыс орнатылып алған әсерлері мен бөлісіп белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.

#AFM #АФМ #Түркістан #Ордабасы

Қатысты жаңалықтар

Рахат Әлиевтің анасы өмірден өтті

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША КОРПУСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

bastynews

7 күнде артық салмақтан арылудың бірнеше әдісі

Bastynews