Алматыда сәнқойлар асыға күтетін Kazakhstan Fashion Week сән апталығы ашылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ktk.kz арнасының мәліметінше, осы жолы 30 дизайнер ұсынған киім-кешектен бұрын, оны киіп шыққандар подиумның сәнін келтірді. Модельдердің қатарында марқұм Болат Назарбаевтың жары да, әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз да жүр.
Марқұм кәсіпкердің жары, Жұлдыз Тұрсынбекқызы Arunaz atelier сән үйінің көйлегін киіп шықты. Ол подуимға ең соңғы болып шыққан. Болат Назарбаевтың әйелі сән апталығындағы видеоларын өзінің әлеуметттік желідегі парақшасында да бөліскен.
- Талдықорғандағы үйдегі жарылыс: Марқұмдардың туыстары оқиғаға Болат Назарбаев салдырған мешіт себеп болғанын айтады
- Болат Назарбаев тартып алған: Алматы технологиялық университеті Никольский базары аумағындағы жер телімін 14 жылдан бері даулап келеді
Одан кейін, дизайнер Назым Қарпықова топтамасын таныстыруға бес тұрақты клиентін шығарғанын айтады.
“Менен көйлек алуға келгенде «Назым, біздің де модель болғымыз келеді” деп айтатын. Осы жолы соларды шақырдым. Осындай подиумға, Қазақстан сән апталығына қатыссаңыздар болады” дедім. Бәрі тамаша өтті”, – деді дизайнер.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, таңданысын жасыра алмай жатыр.
“Болат тірі болғанда бірінші шығар ма еді”, “Қайраттың Жұлдызы ашып, Болаттың Жұлдызы жапты», “Болаттың әйелінің киімі кеңестік заманды еске түсіреді”, “Қазақстанда Қайраттың Жұлдызынан басқа модель жоқпа деймін”, – деп жазды көпшілік.