Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!
Аудан прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтары Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекше қорғауында екенін еске салады.
Әрбір қызметкердің Еңбек кодексінде белгіленген қауіпсіз еңбек жағдайларына, уақытылы жалақы алуға және әлеуметтік кепілдіктерге құқығы бар.
Жұмысшылардың негізгі құқықтары:
- Еңбек шартын жасау.
Еңбек қатынастары еңбек шарты негізінде ғана туындайды. Бұл шартта тараптардың міндеттері, жұмыс тәртібі, жалақысы және басқа да еңбек жағдайлары көрсетіледі. Еңбек шартының болмауы – заңнаманы бұзу болып табылады.
2. Еңбекақыны уақытылы төлеу.
Жұмыс беруші қызметкерлерге айына кемінде бір рет жалақы төлеуге міндетті. Жалақы кешіктірілген жағдайда жұмыс беруші әр кешіктірілген күн үшін өтемақы төлеуге жауапты.
3. Демалу құқығы.
Қызметкерлер ұзақтығы кемінде күнтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқылы. Сондай-ақ жұмыс күні ішінде үзілістер, демалыс және мереке күндерінде тынығу құқығы сақталады.
4. Қауіпсіз еңбек жағдайлары.
Жұмыс беруші жұмыс орнында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті. Жұмысшы денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы.
5. Әлеуметтік кепілдіктер.
Егер жұмысшы еңбекке жарамсыз болып қалса немесе штат қысқаруына байланысты жұмыстан босатылса, оған тиісті өтемақылар мен жеңілдіктер берілуі керек.
Жұмыс берушілердің жауапкершілігі:
Еңбек құқықтарын бұзған жұмыс берушілерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Аудандық прокуратура еңбек заңнамасының сақталуын тұрақты қадағалап, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда қажетті шаралар қолданады.
Еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуге болады:
•Мемлекеттік еңбек инспекциясына;
•Төлеби аудандық прокуратурасына;
• Құқықтарыңызды қалпына келтіру үшін сотқа.
Еңбек құқығы – әлеуметтік әділеттілік пен тұрақтылықтың маңызды бөлігі.
Төлеби ауданының прокуратурасы барлық жұмысшылар мен жұмыс берушілерді әділ әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін заң талаптарын құрметтеуге және сақтауға шақырады.
Төлеби ауданының прокуратурасы.