Ақпарат Жаңалықтар

КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ:ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін қала әкімі Қаратау ауданындағы Тұран, Нұртас, Мәртөбе, Мирас-2, Тассай және Достық шағын аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Аудан тұрғындары жолдарды асфальттеу, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу, газ, кәріз жүйелерін жүргізу жоспарларын сұрады. Сондай-ақ, шалғай көшелерге бейнебақылау камераларын, жол белгілерін, бағдаршамдарды және жарықтандыру жүйелерін орнату қажеттілігі көтерілді.

Айта кетейік, келесі жылы Тұран шағынауданында ұзындығы 17 шақырым 33 көшені асфальттеу, ал келесі жылдың бірінші жартыжылдығында 13 көшеге жарық беру жоспарлануда. Сондай-ақ Мәртөбе тұрғын алабында үздіксіз энергиямен жабдықтау үшін кабельдер мен тозған трансформаторларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы Мирас шағын ауданында кәріз желілерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Мегаполис басшысы Тассай тұрғындарының өтініші бойынша жауаптыларға медициналық бекет салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Кездесу барысында автобус аялдамаларының сапасына және қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне шағымдар айтылды. Барлық мәселелер назарға алынып, тиімді шешімдер қабылдауда нақты тапсырмалар берілді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

«МЫҢ ЖҮЙРІК» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

bastynews

NXPLORERS АРҚЫЛЫ БІЛІМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕГІ БОЛАШАҚ МЕКТЕПТІҢ БҮГІНГІ ҚАДАМЫ

bastynews

ЧЕХИЯЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ АЛУДА

bastynews