Жаңалықтар Қоғам Мәдениет

АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Мирас» колледжі мекемесінде «Қарттары бар елдің қазынасы бар» тақырыбында ерекше шара өтті. Бұл іс-шараға Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, «Бәйтерек» жастар ұйымының төрағасы Ролан Қонысбеков, сондай-ақ колледждің студенттері мен ата-аналары қатысты.

Іс-шараның мақсаты — ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы міндетті назарға алған ұйымдастырушы тарап, түрлі сала ардагерлерімен университет студенттерін бір алаңда тоғыстырды. Кездесу барысында ардагерлер жастардың болашағына қатысты, әсіресе Президенттің жолдауындағы жастарға арналған маңызды тұстарын талқылап, пікір алмасты.

Ардагерлердің айтуынша, табанды еңбек пен өз ісінің нағыз маманы болу болашақта қызметтік өсу мен кәсіби жетістіктерге жетудің негізі болып табылады. Өмірлік тәжірибелері мол аға буынның білімдері мен даналықтары жастар үшін үлкен жігер мен ынталандыру көзі болды. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауаптар берілді, бұл жастардың білімге, тәжірибеге деген қызығушылығын арттырды.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай кездесулерді ауылдық жерлерде де өткізуді жоспарлап отыр, бұл жастар мен аға буынның байланысын нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ҚОСЫЛАДЫ

Bastynews

ТҮРКІСТАН МАҢЫНДА ЖАСЫЛ АЛҚАП ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Bastynews

ЯСАУИ МҰРАСЫН ТЕРЕҢ ТАНУҒА ҮЛКЕН СЕРПІН

Bastynews