Жаңалықтар Қоғам

АРДАГЕРЛЕР ӨМІР ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Бәйтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қарттары бар елдің қазынасы бар» атты әлеуметтік жобасы аясында ардагерлер жастармен кездесті. Бұл маңызды шарада Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, «Бәйтерек» жастар ұйымының төрағасы Ролан Қонысбеков, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледжінің студенттері, оқу орнының басшылығы мен оқытушылар қатысты.

Кездесудің мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтарға, отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен білімі жастарға үлгі-өнеге бола отырып, олардың патриоттық сезімін арттыруға ықпал етеді. Шара барысында ардагерлер колледж студенттерімен өздерінің өткен өмірлерінен қызықты оқиғалармен бөлісіп, жастардың болашақта табысты болуына қажетті кеңестер берді.Кездесу жастар мен ардагерлер арасында пікір алмасуға, сұрақтар қоюға және жауап алуға мүмкіндік берді. Оқу орнының студенттері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ардагерлермен ашық диалог жүргізу арқылы, олардан үлкен өмір тәжірибесін тыңдады.

«Бәйтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі мен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы тарапынан ұйымдастырылған бұл кездесулердің болашақта да жалғасатыны жоспарлануда. Мұндай шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін, ұлттық санасын және мәдениетке деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДАН ПОЛИЭТИЛЕНДІ ҚҰБЫР ШЫҒАРЫЛМАҚ

Bastynews

Патерналистік тәуелділік – дамуға тежеу

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ БІР ӘУЛЕТТЕН 25 ОФИЦЕР ШЫҚҚАН

bastynews