2024 жылғы наурыздан бастап еліміздің азаматтары мен ел аумағында тұратын шетелдіктер eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысудан 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ерікті түрде шектеу қою туралы өтініш бере алады. Бұл қызметті қазіргі уақытта 110 мыңнан астам адам пайдаланған, бұл сан жастар мен оқушылар арасында лудоманияға қарсы күресте тиімді құрал ретінде қарастырылуда.
Сондай-ақ, қала аумағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеулер енгізілді. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға, көлік құралдарындағы жарнамаға, бұқаралық ақпарат құралдарында және кино, видео қызмет көрсету орындарында букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға тыйым салынған, – деді Санат Жұмабайұлы.
Заңсыз ойын бизнесімен күресуде азаматтардың белсенділігі де маңызды рөл атқарады. Департамент заңсыз тұрған ойын автоматтары туралы ақпарат жіберуге шақырады, бұл шаралар лудоманияның алдын алуда қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Әрбір азамат лудоманияның зиянды әсерінен балаларын қорғауда белсенділік танытуы тиіс. Егер сіздің тұратын немесе мекендейтін жерде заңсыз ойын аппараты болса, Департаменттің +7 (7252) 77-14-48 сенім телефонына хабарласуыңыз жеткілікті.