Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР: 2,7 МЛН ТОННА АСТЫҚ ЖИНАЛДЫ

Қазақстанның барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жалғасуда. Тамыздың үшінші онкүндігінде жаппай егін жинау науқаны басталды. 26 тамыздағы мәлімет бойынша, 1,5 миллион гектар жерден дәнді және бұршақты дақылдар жиналды, орташа өнімділігі 17,9 центнерді құрап, 2,7 миллион тоннаға жуық өнім алынды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Көкөніс дақылдары 52,7 мың гектардан жиналып, 250,6 центнер өнімділікпен 1,3 миллион тоннадан астам өнім берді. Бақша дақылдары 81,6 мың гектардан жиналып, 250,4 центнер өнімділікпен 2 миллион тоннадан астам өнім алынды.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың басқа техника тартылған. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары үшін жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 миллиард теңгеге жетті, бұл өткен жылдармен салыстырғанда үш есе көп.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫТ ИННОВАЦИОННЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ХАБ НОВОГО ПОКОЛЕНИЯ

bastynews

ПРЕОБРАЗОВАНИЕ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ПОЛЯ: ОТКРЫТИЕ НОВОГО ВОЕННОГО КОЛЛЕДЖА В ШЫМКЕНТЕ

bastynews

Конституционная реформа: поправки затронут 84% текста Основного закона Казахстана

bastynews