Әлеуметтік кеселге айналып кеткен жемқорлықпен күрес – мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан біздің еліміз үшін өте маңызды. Жемқорлық – әлеуметтік құбылыс ретінде саясатты да, экономиканы да, басқару жүйесін де кері тартатын механизм.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керкетігінің маңызы зор. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту күндегі басты мақсат болып табылады.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресті ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын орындау, сыбайлас жемқорлықты рухани этикалық қабылдамау ахуалын қоғамда қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген.
Осы жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, осы заңнамалармен бекітілген талаптарды сақтамаудың алып келетін салдары түсіндіріле отырып, айына бір рет қызметкерлерге құқықтық сабақтар өткізіліп келеді.
Аудан әкімдігінің ғимаратына келушілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жаднамалар баршаға көрінетіндей етіп орналастырылған, аудан әкімі аппаратының атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстарының жоспарлары туралы ақпараттар, Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тұрақты жариялануда. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі акаунттары арқылы тұрғандардың өтініштеріне дер кезінде жауаптар берілуде.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Шымкент қаласы әкімінің өкімімен бекітілген кестеге және Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 мамырдағы №55 өкіміне сәйкес 2024 жылы Аудан әкімдігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Ішкі талдаудың басталғандығы туралы хабарлама Аудан әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларға жарияланып, сондай-ақ, ішкі талдаудың анықтамасын қоғамдық кеңес мүшелерімен талқылау жүргізілді.
«2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі» іс-шара жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында құзырлы мекемелермен бірлесіп 2023 жылы 5 жиналыс, 3 дөңгелек үстел, 1 семинар ұйымдастырылса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша аппарат қызметкерлерімен 44 құқықтық сабақ өткізілді.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, өзге де ұйымдар өкілдерінің қатысуымен аудан әкімі аппараты қызметшілеріне арналған, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты құқықтық семинарлар тұрақты түрде өткізіледі. Одан бөлек, аталған тақырыпты аудан әкімі мен аудан әкімінің аппарат басшысының мақалалары жарияланып отырады.
Өздеріңізге белгілі Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру бастамасына сәйкес, 2023 жылы ИЧ 167/11 тергеу изоляторына аудан әкімі аппаратының қызметшілерін алып барып, профилактикалық жұмыстар атқарылған.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің ғимаратында кестеге сәйкес тұрғындарды қабылдау жұмыстары жүргізілді.
2023 жылы Қаратау ауданы әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратында тұрғындарды қабылдауға қолайлы «Ашық әкімдік» кабинеті жұмыс жасауда. Онда бір мезетте бірнеше адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Аудан әкімінің және оның орынбасарлары апта сайын кестеге сәйкес қала тұрғындарын жеке қабылдауды жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ, сыбайлас жемқорлық белгілері байқалған жағдайда сенім телефонына немесе құзырлы органдарға хабарлау туралы ақпараттық хабарламалар әкімдік ғимаратының азаматтарға қолжетімді жерлерінде орналастырылған.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын сақтауда ағымдағы жылы да Қаратау ауданының әкімдігі өз құзыреті шегінде барлық қажетті ұйымдастыру және алдын алу шараларын жүйелі түрде ұйымдастырып келеді.
Осылайша 2024 жыл басынан бері осы тақырыптарда ұжым арасында 5 рет түсіндіру жұмыстары жүргізілді және әкімдік қызметкерлеріне 1 құқықтық сабақ ұйымдастырылды.
Оның ішінде бұл жұмыстар әдеп жөніндегі уәкілдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілінің қатысуымен жүргізілген болатын.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз қажет.
Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы әкімі Р.Мүлкеманов