Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ҚҰЛПЫНАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты.

Осы орайда, Түркістан облысында ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы қолға алынды. Жоба аясында Түлкібас ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінде құлпынай шаруашылығын дамыту көзделіп отыр.

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аталған жобаның іске асу барысын бақылау мақсатында округке қарасты «Клубничный рай» шаруа қожалығында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Шаруа жалпы 2 гектарға жуық жерге құлпынайдың «Альбион», «Черный принц», «Азия», «Клери» сұрыптарын егіп, мол өнімге қол жеткізуге ниетті. Осы мақсатта «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, кәсібін өрлетуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда өнімдерді сақтайтын қойма құрылысын бастап кеткен. Алғашқы өнімін алып үлгерген кәсіпкер, алдағы уақытта құлпынай келісін 1500 теңгеден саудалауды жоспарлауда.

Аудан басшысы аталған шаруашылық төрағасымен сұхбаттасып, аудан әкімдігі тарапынан заң аясында барлық қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізіді. Айта кетейік, биылғы жылы Түлкібас ауданынан мемлекеттік «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына Мичурин және Балықты ауылдық округтері еніп, ауқымды жобалар іске асырылмақ.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 ЖЫЛДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 4 МЫҢДАЙ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

bastynews

ШЫМКЕНТ: АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАТЫН ОТБАСЫЛАРДАН 330 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

bastynews

ТҮРКІСТАН ТУРИЗМІНІҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ: БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙЛЕР МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУЫ

bastynews