Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨШЕ ТАРАТЫЛДЫ

Шымкентте Қазығұрт шағынауданы №86 жалпы білім беретін мектеп ғимаратындағы №71 сайлау учаскесінде дауыс берушілер наурыз көжеден дәм татты. Мерекелік дастарханнан дәм татқан тұрғындар сайлау науқанындағы бұл бастамаға ризашылығын білдірді.

–Бұл жолғы сайлау науқаны Наурыз мерекесіне тұспа-тұс келіп отыр. Міне, осындай қуанышты, мерекелі күнде өзіміз сенім артқан үміткерлерге дауыс бердік. Ұйымдастырушыларға көп рақмет. Есіктен кірген бойда жылы лебізімен қарсы алып, наурыз көше мен бауырсақ үлестіріп, жақсы көңіл-күй сыйлап жатыр. Осы сәтті пайдаланып, барша шымкенттіктерді Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырамын,-деді Тұран ауданының биі Жетпісбай Жұрымбаев.

Қаладағы №71 сайлау учаскесінде таң азаннан бері дауыс берушілер белсенді қатысып жатыр. Бұл сайлау учаскесінде 2 125 тұрғын тіркелген. Ал жүріп-тұруы қиын жандарға комиссия мүшелері өздері барады. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Қазірге дейін 3 сайлаушыдан үйде дауыс беру ұсынысы түскен.

«Шымкент келбеті»

Қатысты жаңалықтар

«Закладка» есірткілерін немесе оларды таратумен айналысатын тұлғаларды анықтаған кездегі әрекет алгоритмі

bastynews

ПРОГОЛОСОВАЛ ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ АКИМА ШЫМКЕНТА

Bastynews

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 15 639 ТҮЛЕК МЕКТЕППЕН ҚОШТАСТЫ

bastynews