Ақпарат Жаңалықтар

ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы «Мұз сарайында» шорт-тректен үлкен және орта жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің 12 өңірінен, жалпы 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр.Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Шоқан Әбдіхалықов, шорт-тректен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Азамат Әлиев жарыстың ашылу рәсімінде спортшыларға сәттілік тіледі.Мемлекеттік жаттықтырушы А.Әлиев жылдан жылға қатысушылар саны және спортшылардың шеберліктері артып келе жатқанын атап өтті. Осы жарыста жеңімпаз және жүлдегер болғандар ұлттық құрамаға еніп, олар алдағы уақытта халықаралық жарыстарға қатысады.Шорт-трек спорты Шымкент қаласында қарқынды дамып келеді. Аз уақыт ішінде ұлттық құрамаға енген спортшылар жеткілікті. ҚР чемпионатында қаладан 15 спортшы бақ сынайды. Айта кетсек, аталған жарыс төрт күнге созылады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШАРДАРАДА МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

Bastynews

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ КИКБОКСИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

bastynews

ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕМАЛЫСЫН, САУЫҚТЫРЫЛУЫН ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ – ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ

bastynews