Соңғы жаңалықтар

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Шымкентте Самат Шәмші бастаған «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары таңғы сағат 08.00-де Президент сайлауында дауыс беруге Қажымұқан атындағы стадионға келді.
Футболшылар Самат Шәмші, Тимурбек Закиров, Қажымұқан Төлепберген, Сағадат Тұрсынбай және Бекхан Шайзада 90 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

– «Ордабасы» футболшыларының соңғы ойынында шымкенттік жанкүйерлеріміздің қолдауы мен ықыласы бізге рух берді. Клубымыз 70 жылдан астам уақыттан бері Шымкент қаласының намысын қорғап, жанкүйерлермен бірге келе жатыр. Жанкүйерлеріміз өте көп. Барлығын сайлауға қатысуға шақырамыз. Жалпы, футбол – бұқаралық спорт. Сайлау да бұқара болып шешім шығаратын аса маңызды саяси мереке, – деді команда капитаны Самат Шәмші.

Сондай-ақ, спортшылар шеберлік сағатын өткізіп, соңынан жанкүйерлерге өздерінің қолтаңбасы қойылған доптарды сыйға тартты.

Атап өтсек, «Ордабасы» командасы Қазақстан кубогының 2022 жылғы жеңімпазы. Жеңімпаздарды шымкенттіктер ерекше ықылас танытып, қарсы алған болатын

«Шымкент келбеті»

Қатысты жаңалықтар

Сарыағаш: Дербісек ауылдық округінде санитарлық талаптар қатаң сақталуда

Bastynews

Әйтеновкет хэштегінің авторы Әйтеновке кеңесші болды

Bastynews

Адамдық келбетіңді көрікті етер көркем мінез

Bastynews