Әлем жаңалықтары

Үндістанда 70 жастағы зейнеткер тұңғышын босанды (фото)

Үндістанның Гуджарат штатында 70 жастағы әйел алғашқы перзентін дүниеге әкелді, – деп хабарлайды Lenta.ru.

Дживунбен Рабари мен оның 75 жастағы күйеуі Малдхаридің отасқанына 45 жыл болған. Олар осы уақытқа дейін қанша талпынса да балалы бола алмаған. Дегенмен мамандардың көмегіне жүгінген ерлі-зайыптылар жасанды ұрықтандыру әдісі арқылы сәби сүю бақытына бөленген.

Әйелге ем-дом жасаған дәрігер Нареш Бханушалидің айтуынша, аурухана қызметкерлері зейнеткер мен оның күйеуіне мұндай жаста балалы болуға болмайтынын түсіндірген. Алайда олар өз дегенінен қайтпапты. «Олар дәл осындай қадамға барған туыстарының көп екенін айтты. Бұл менің есімде қалған сирек жайттардың бірі», – дейді Нареш Бханушали.

Жаңа босанған әйелдің нақты қанша жаста екені белгісіз, өйткені Дживунбен Рабаридің жасын растайтын ресми құжаттар жарияланбаған. Алайда үндістандық БАҚ-тың хабарлауынша, әжей 70 жаста.

Қатысты жаңалықтар

❗️ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар

bastynews

18 жасқа толмағандарға Вакцинаны егуге болмайды

Bastynews

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтетінін жеткізді

bastynews