Әлем жаңалықтары Соңғы жаңалықтар

Ұлын 10 жылдан кейін көрген ана аяқасты қайтыс болды

Ұлыбритания тұрғыны Лаура Андреойю баласын 10 жыл бойы көрмеген. 11 жасар бала Испанияда туыстарында тұрған. Ол анасын соңғы рет бір жасында көрді. Отбасылық жағдайға байланысты кейін екеуі көріспеген, – деп жазады Nottingham Post.

Көптен күткен кездесу онлайн режимінде өтті. Туыстары бала анасына ұқсайтынын айтқан. Олар мұндай кездесуді әдетке айналдырамыз деп шешті. Дегенмен 4 күннен соң трагедия болды.

Әйелді ес-түссіз күйде танысы тапты. Ол үйіне барғанда Лаура жерде жатқан, ер адам жедел жәрдем шақырды. Алайда әйел екі күннен соң қайтыс болды. Оның бауыры мен бүйрегі ауырған», деп жазады БАҚ.

Лаураның анасының айтуынша, бұл хабарды балаға жеткізу ең қиыны болған. Ол өзін екінші рет анасынан айырылғандай сезінді.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон-футбол чемпионатында тарихи жеңіске жетті

bastynews

Бұрынғы ең жас миллиардердің іш киіммен түскен видеосы желіні шулатты

Bastynews

«БАТЫРЛАР БҰЛ ӨТЕГЕН ӨЗ ПАРЫЗЫН…»

Bastynews