Қоғам Соңғы жаңалықтар

Елімізде жасөспірімдердің неге суицидке баратыны айтылды

Еліміздегі жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының себептері аталды, – деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары, өкінішке орай, сиремей тұрғанын мәлімдеді.

Себептер әртүрлі. Туыстық қатынастардағы дүрдараздық әрбір үшінші жағдайды құрайды, өзін жалғыз сезінуі – 12%, достарымен қарым-қатынастың бұзылуы – 10%, оқу орнындағы жанжалдар, қолайсыз қаржылық жағдай – 3%, делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің хабарлауынша, 2021 жылы кәмелетке толмағандар арасында 248 өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелді.

164 кәмелетке толмаған бала құтқарылды. Өкінішке қарай, 84-і қайтыс болды, – дейді ҚР ІІМ.

Қатысты жаңалықтар

ЕШКІМ ЖЕҢЕ АЛМАҒАН ЖАПОН БАЛУАНЫН ҚАЛАЙ ЖЕҢДІ?

Bastynews

«Енем өтірікші әйел»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Мөлдір ажырасқалы жатыр

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ 175 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ҒИМАРАТЫ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Bastynews