Соңғы жаңалықтар

«ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ордабасыда «Ел іші – өнер кеніші» атты аудандық фестивалі өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі. Фестивальдің бүгінгі қонақтары – Шұбарсу ауыл округінің өнерпаздары болды. Фестиваль шартына сәйкес, шара ауыл округі қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалаудан басталды. Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев мәні мен мазмұны терең Тәуелсіздік ұғымы туралы толғана келе, өнер мерекесіне өз үлесін қосқан Шұбарсулықтарға аудан әкімінің алғысын жеткізді. Сонымен қатар, егемендік мерейтойын аудан қандай жетістіктермен қарсы алатынын баяндап өтті. «Арт – dance» би тобы мың бұралып, көзге қуаныш сыйласа, әжелер ансамбілінің орындауындағы халық әні көпшіліктің көңілін көтерді. Өнерпаздар терме, эстрада жанрларында әннен шашу шашып, спорт, цирк өнерлерін ортаға салды. Кеш қонағы, Шұбарсудан қанаттанып, республикада әсем дауысымен танылып жүрген Әділет Жауғашар жерлестеріне әндерін арнады.

Қатысты жаңалықтар

Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жеткіншек көз жұмды

Bastynews

Баланы жазда үш айға ата-әжесіне жіберу дұрыс па: Отбасы психологы жауап берді

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ 4647 ЖАС ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Bastynews