Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі ағын су мәселесін шешу бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі. Жалпы аудан аумағында ағымдағы жылы 49 каналдың 210 шақырымын механикалық тазалаудан өткізу жоспарланды. Қазіргі таңда Төрткүл ауыл округінен 94,1 шақырым, Қараспан ауыл округінен 32,1 шақырым, Қарақұм ауыл округінен 4,5 шақырым, Бөржар ауыл округінен 5,9 шақырым, Қажымұхан ауыл округінен 24,3 шақырым, Шұбар ауыл окруігнен бір шақырым, Жеңіс ауыл округінен 16,7 шақырым, жалпы аудан бойынша 178,6 шақырым су арнасына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы, Ордабасы аудандағы жер арықтарының бүгінде 72 пайызы тазаланып, бітті. Әйтсе де, шаруалар тарапынан ағын суды тиімді пайдалану жүйеленуі тиіс. Бұл бойынша аудан аумағында арнайы жұмысшы топ құрылды. Бүгінде суды реттеу және тиімді пайдалануды үйлестіру үшін сегіз адам жұмыс атқаруда.

Қатысты жаңалықтар

8 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

Bastynews

ДӘРІГЕРЛЕР ОНЛАЙН-КЕҢЕС БЕРЕДІ

Bastynews

Елімізде қарттарға біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі

Bastynews