Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 9 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРДІ

2020-2021 оқу жылында Шымкенттегі 186 мектепте 226 мыңнан астам оқушы білім алды. Оның ішінде биылғы жылы 11-сыныпты 9 342 түлек мектепті бітіреді. Ал, 513 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.Сонымен қатар, қалада бүгінге дейін 4 634 талапкер ұлттық бірыңғай тест тапсырған. Оның ішінде тестілеу тәртібін бұзғаны үшін 64 оқушының жұмысы жойылған. Айта кетейік, биылғы жылы ҰБТ-ы тапсыру «Бір оқушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша электрондық форматта өтуде. Бұл ретте тестіленуші жылына 2 рет ақылы және 2 рет білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік ала отырып, тегін тапсырады.Яғни қалада талапкерлер 6 мамыр мен 30 маусым аралығында санитарлық нормаларды сақтап, арнайы жабдықталған 2 аймақтық «U-Study» тестілеу орталықтарында (білім беру гранттарын тағайындау конкурсы арқылы 2 мүмкіндік) ҰБТ-дан өтеді. Ал тестілеу барысын «Адалдық алаңы» қызметкерлері мен арнайы мониторингтік топ мүшелері бақылайды.Жалпы биылғы жылы пандемияға байланысты «Соңғы қоңырау» іс-шараларын өткізу үшін аниматорлар мен мерекелік агенттіктердің жеке студиялардың қызметіне жүгіну, мерекелік дастархан ұйымдастыру, автомобильдерді жалға ала отырып, қала бойынша көшпелі экскурсиялар өткізу, мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға рұқсат берілмейді.

Қатысты жаңалықтар

Коллекторлардың заңсыз әрекеті әшкере болды

Bastynews

Әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірген қазақ туралы не білеміз?

Bastynews

Қаладан ауылға ауысқан дәрігерлерге берілетін көтерме ақы 10 есе көбейеді

Bastynews