ӨРГЕБАС АУЫЛЫНЫҢ ГАЗҒА ҚОСЫЛУЫ – МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ СЕРПІННІҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ
Мақтаарал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы соңғы жылдары елеулі қарқын алды. Сол бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету.
